Төреғалиев Төлеген Серіққалиұлы 1960 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Орынбор ауылшаруашылық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1977 жылы Бұлдырты совхозының №2 бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылдары - Жосалы совхозында еңбек жөніндегі экономист болып жасаған.
1984-1985 жылдары - Жосалы совхозының №3 бөлімшесінде зоотехник болды.
1985-1986 жылдары - Бұлдырты совхозының №2 бөлімшесінде зоотехник болды.
1986-1987 жылдары - Жосалы совхозының бас экономисті.
1987-1994 жылдары - Жымпиты ауданы, Жосалы совхозында бас зоотехнигі қызметін атқарды.
1994-2006 жылдары - Сырым ауданы, «Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі.
2007 жылдың қаңтар айынан сәуірге дейін Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округінің әкімі болды.
2007 жылғы 30 сәуірінен 2017 жылдың 4 шілдесіне дейін аудан әкімінің агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлікті дамыту және құрылыс жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың 4 шілдесінен бастап - Сырым ауданының әкімі.