2017 жылғы жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерімен жұмысты талдау туралы

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 15 бабының 10 тармағына және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ІІІ бөлімінің 3 тармағына сәйкес  жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен  оларға байланысты  сын ескертпелерге талдау жасалды.
2017 жылы аудан бойынша барлығы 1346 өтініш (2016 жылы -1786 ) , соның 1338 (2016 жылы - 1768) жеке, 8 - (2016 жылы -18) заңды тұлғалардан келіп түскен.
2016 жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны 430-ға  (3,8%), заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны 10-ға  (44,4%) азайды.
 №1 кесте

Аудан бойынша түскен өтініштердің бөлінісі  №2 кестеде көрсетілген.

 

Жеке тұлға

Заңды тұлға

2016ж

2017ж

Динамика +/-

2016ж

2017ж

Динамика
 +/-

Аудан әкімі аппараты

430

445

+15

4

1

-3

Ауылдық округтер

687

379

-308

6

5

-1

Дербес бөлімдер

651

514

-137

8

2

-6

Аудан бойынша

1768

1338

- 430

18

8

-10

           
Бұл жоғарыдағы кестеден аудан әкімі аппаратына түскен 15 өтінішке көбейгенін көрсетсе, ауылдық округтерге түскен өтініштердің 308-ге, дербес бөлімдерге түскен өтініштердің 137-ге азайғанын көруге болады.
2017 жылы түскен өтініштерді негізгі түрлеріне қарай саралайтын болсақ №3 кесте

 

барлығы

+/- Динамика

өтініш

+/- Динамика

шағым

+/- Динамика

ұсыныс

+/- Динамика

сұраныс

+/- Динамика

 

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

Аудан әкімінің аппараты

434

446

+11

415

402

-13

12

33

+21

7

11

+4

0

0

0

Ауылдық округтер

693

384

-309

687

376

-311

4

0

-4

2

0

-2

0

8

+8

Дербес бөлімдер

659

516

-143

647

514

133

10

1

-9

0

1

+1

2

0

-2

Аудан бойынша

1786

1346

-440

1749

1292

-457

26

34

+8

0

12

+12

2

8

+6

        Бұл кестеден аудан бойынша негізгі түрлері бойынша өтініш -95% (2016 жылы - 98%) салыстырғанда 3%-ға азайғаны,  шағым  - 2,5 % (2016 жылы-1,4%) салыстырғанда 1,1 %-ға көбейгені, ұсыныс -0,8% (2016 жылы –жоқ) салыстырғанда 0,8 %-ға көбейгені, сұраныс -0,5% (2016 жылы – 0,1%) салыстырғанда 0,4%-ға көбейгені байқалады.

Өтініштердің мәселелер бойынша сипаты (басым көпшілігі)

Сипаты бойынша

Өтініштер саны

%

1

Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен
қамтамасыз ету

450

33,4

2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету

270

20

3

Жер және жерді пайдалану

243

18

4

Құрылыс

140

10,4

5

Білім беру

55

4,08

6

Басқа да мәселелер бойынша 55 өтініштен төмен -188

188

14

         2017 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
 қарау нәтижелері

 

Бар
лығы

қанағаттан дырылды

түсін-
дірілді

тоқта-
тылды

Бас тартылды

жол-
данды

қаралу-
да

Аудан әкімінің аппараты

446

33
(7,4%)

190
(42,6%)

11
(2,5%)

2
(0,4%)

196 (43,9%)

11
(2,4%)

Ауылдық округтер

384

70
(18,2%)

253
(65,8%)

0

0

61 (15,8%)

0

Дербес бөлімдер

516

161
(31,2%)

329
(63,7%)

1
(0,1%)

1
(0,1%)

21 (4,1%)

3
(0,6%)

Аудан бойынша

1346

264
(19,6%)

772
 (57,3%)

12
(0,9%)

3
(0,2%)

278 (20,6%)

14
(1,04%)

Аудан бойынша 2016 жылы, 2017 жылы жауап беру мерзімі бұзылған 1 өтініш тіркелді. Бұл аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінен. Бұл бойынша тиісті шара алынды.   

Жоғары тұрған және басқа органдардан келіп
 түскен өтініштер

2016 жыл бойынша барлығы 42 өтініш тіркеліп, иелеріне жауап берілді. Соның ішінде: 6 – БҚО әкімі аппаратынан, 2 - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінен, 1- басқармалардан, 3 – «НұрОтан» партиясы БҚО филиалынан, 1 – «НұрОтан» партиясы Сырым аудандық филиалынан, 1-Сырым аудандық маслихатынан 28 – Сырым аудандық прокуратурасынан.
Сондай-ақ аудан тұрғындарының өтініштеріне байланысты «қарау және жауап беру үшін» деген қарарлар бойынша 2017 жылы  6 өтініш - БҚО әкімдігінен, 2 - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінен, 1 - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Бурлин аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасынан, 3 - БҚО басқармалардан, 1 - Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан, 2 - «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалынан, 24 – Сырым аудандық прокуратурасынан, 2 - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан, 14 - Сырым аудандық мәслихатынан, 4 - аудандық дербес бөлімдерден.

Жолдаған мекеменің атауы

Аудан әкімі аппараты

2016 жыл

2017 жыл

БҚО әкімдігінен

6

6

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінен

2

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Бурлин аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасынан

-

1

БҚО басқармалардан

1

3

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан

-

1

«Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы

3

-

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалынан

1

2

Сырым аудандық прокуратурасынан

28

24

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына

-

2

Сырым аудандық мәслихатынан

1

14

Аудандық дербес бөлімдерден

-

4

Кіріс құжаттарына тіркелген арыздар бойынша: ҚР Президентінің әкімшілігіне – 6, Премьер Министрдің кеңсесіне – 11, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратына – 2, облыс әкімі аппаратына – 31 (соның ішінде: 1 блог, 2 заңды тұлға), ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментіне – 1, аудан прокурорына – 1.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін
жеке қабылдау
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының 13 бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi. Қабылдау белгiленген әрi жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс.
2017 жылдың  қорытындысы бойынша жинақталған мәліметке сүйенсек аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы 158 азаматты, соның ішінде аудан әкімі лауазымға тағайындалған кезден бастап 91  адамды  жеке қабылдады. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері 71, дербес бөлім басшылары 79 адамды жеке қабылдады.
Жалпы аудан бойынша барлығы 308 адамға жеке қабылдау жүргізілді. Қорытындысына келер болсақ оң шешілгені 16 (5,2%), мемлекеттік органдардың бөлімшесіне жіберілгені 87(28,2%), түсіндірме берілгені 204 (66,2%), басқа ұйымға жіберілгені -1(0,3%).
Аудан әкімінің блогына 2016 жылы -9 өтініш түссе, 2017 жылы -2 өтініш түсті. Бұл өтініштердің барлығына да түсінік берілді.

Электронды құжат айналым бойынша

Есепті кезеңде құжат айналым саны 66371, соның ішінде 57079 (86%) электронды түрде, қағаз түрінде 8487, ҚБПҮ белгісі бар 484. Жалпы құжаттың 64749 (98%) қазақ тілінде.

Дербес бөлімдердегі
мерзімі кешіктіріліп орындалған құжаттар

Дербес бөлім

Кіріс құжаттар саны

Мерзімі кешіктірілген уақыт

1

Ауылшаруашылығы бөлімі

2

10 күн

2

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

9-10 күн

3

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

2

7-10 күн

4

Ішкі саясат бөлімі

2

10 күн

5

Жер қатынастары бөлімі

1

10 күн