Аумақтарды дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша оперативтік есеп


2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ (.rar)


Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат (rar, 1.6 Mb)


2017 жылдың 1 шілдесіне  Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі КӨРСЕТКІШТЕРІ

Батыс Қазақстан облысының құрамында Сырым ауданы 1928 жылы құрылған, аудан орталығы – Жымпиты ауылы, облыс орталығынан ара қашықтығы 140 шақырым.

Ауданның аумағы – 11,9 мың шаршы шақырым.
Аудан Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау және Ақжайық аудандарымен  шекараласады.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің үлгісі мынадай: 12 ауылдық округ, 38 ауыл.
Ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20,0 мың адамды құрады.

Өнеркәсіп

Аудан бойынша 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 113,2 млн.теңге болды. Өткен жылғы көрсеткіш – 124,8 млн.теңге, немесе НКИ бойынша 87,7%.

Ауыл шаруашылығы

Ауданымыз негізінде ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

Мал шаруашылығында 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүйізді ірі қара малының саны 49,1 мың бас немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 108,6% құрады, соның ішінде сиыр – 21,7 мың бас (105,7%), қой мен ешкі 115,7 мың бас (100%), жылқы – 16,7 мың бас (108,8%), түйе – 54 бас (74,0%) , құс – 18,1 мың бас (100,3%), шошқа – 25 бас (125,0%).

         Егін шаруашылығында 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойыншаауыл шаруашылығы дақылдары түрлерінің егілген егіс көлемінің барлығы 11544 га құрайды (2016 ж. 10800 га, немесе 106,9%), соның ішінде дәнді дақылдар - 7143 га (2016 ж. 5330 га, немесе 134%), майлы дақылдар – 700 га, екпелі шөп – 3241 га (2016 ж. 4910 га, немесе 66%), картоп – 170 га (2016 ж. 230 га, немесе 74%), көк өніс – 180 га (2016 ж. 200 га, немесе 90%), бақша дақылдары – 110 га (2016 ж. 130 га, немесе 84,6%).

Құрылыс

         Тұрғын үйлерді іске қосу көрсеткіші 1 шілде 2017 жылға 2273,0 шаршы метр құрады, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 179,8 пайызға көбейді (1264 ш.м.).

Бөлшек сауда

                1 шілде 2017 жылға бөлшек сауда тауар айналымы 1897,3 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 97,2% құрады (1810,3 млн.теңге).

Инвестиция

         Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 шілде 2017 жылға 517,7 млн.теңге. Өткен жылғы кезеңде 394,8 млн.теңге, немесе 131,1%.        

Қаржылар

1 шілде 2017 жылға мемлекеттік бюджетке 289,8 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің көлемі 228,1 млн.теңге болып, 2016 жылдың 1 шілдедегі деңгейінен 101,9% құрады (223,8 млн.т.).

Кәсіпкерлік

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 1181 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 14,1%-ға артық, соның ішінде жұмыс жасайтындарының саны 1023.

Шағын кәсіпкерлік саласында 2257 адам жұмыс істейді, бұл 2016 жылдың 1 маусымдағы деңгейінен 2,5 %-ға көп.

Ауданның шағын бизнес субъектілері 10689,8 млн.теңгенің  өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңінен 0,4% ға көп.

Ауданда 12 шағын цех тіркелді (2016 жылы-12), олардың 20 қызметкерлер санымен 11-і жұмыс істейді. Шағын цехтердің өнімдері өндірісінің көлемі 149,3 млн.теңге құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,2 %-ға көп.

Еңбек нарығы

Экономиканың барлық салаларында 202 жұмыс орны құрылды, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларындағы деңгейінен 116,8% құрап отыр (173 орын).
Ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4% құрады, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 0,7% болды.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыссыздар саны 168 адамды құрады, өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 224,0% құрады (75 адам).
Қаржыландырудың барлық көздерінен 27992,5 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 173,6 мың теңге.
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 202 адам жұмысқа орналасты (2016 жылы 173 адам), ақылы қоғамдық жұмыстарға 240 адам жіберілді (2016 жылдың осы кезеңінде 240 адам немесе 100%).
2017 жылғы қаңтар-шілдеде орташа айлық еңбекақы 3,4%-ға өсіп, 74067 теңге құрады (2016 жылы - 71622 т.).


Миграция және демография

Аудан халқының көші-қоны жағдайы, 2016-2017 жылдардың 6 айы бойынша  тиісінше, келгендер 202 – 246 адам (122%);  кеткендер 339 – 508 адам (150%); айырымы -137  –  -262 адам.
Туылғандар саны 120 – 109 адам (91%); қайтыс болғандар саны 54 – 43 адам (80%); табиғи өсімі 66 – 66 адам.

Қауіпсіз ауыз су

Қауіпсіз ауыз сумен қамтылған халық саны 2016 жылғы 6 айда 14912 адам болса, 2017 жылдың 6 айында 15469 адам қамтылып, өткен жылғы көрсеткіштен 103,7% болып отыр.

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік желіні 1 аудандық аурухана құрайды, құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 19 медициналық пункт кіреді.
2016 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда халықтың ауру-сырқаулығы жағдайы - туберкулез 2016 ж.- 4 адам, 2017 ж.- 0, педикулез 2016 ж.- 3 адам, 2017 ж.- 2 адам.

Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 1 шілде 2017 жылы 4900 адам болып, алдыңғы жылмен тең деңгейде болып отыр.

Білім беру

Білім беру желісін 22 жалпы білім беретін мектеп құрайды (2968 оқушы), оның ішінде 12 орта, 7 негізгі, 3 бастауыш мектеп. Барлық мектепте мемлекеттік тілде оқытады. Мектептер компьютермен қамтылған, интернетке қосылған. 85 оқушыға арналған 3 мектеп жанындағы интернат бар.

Қылмыс

2017 жылғы 1 шілдеге аудан бойынша 59 қылмыс тіркелді, 2016 жылы тиісті кезеңде 81 жағдай тіркелген. Қылмыстың тіркелген саны 22 фактіге азайып, 72,8% құрады.