(2017 жылдың І тоқсанында қорытындысымен)

2017 жылдың І ж.ж. 715 мәдени-көпшілік және бұқаралық-спорттық шара өткізіліп, оған 8592 тұрғын қамтылған. Бұл көрсеткіш  2016 жылдың І ж.ж. 621 мәдени-көпшілік және бұқаралық-спорттық шара, 7642 тұрғын қамтылған. Жұмсалған қаржы 2017 жылдың 1 ж.ж.  34 млн 812 мың,  2016 жылдың І ж.ж.-23 млн 641 мың.

Мәдениет саласында аудан бойынша 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 5 ауылдық клубтар, Жымпиты, Бұлан  халық театрлары, «Ақ ниет» әжелер алқасы, балалар саз аспаптар оркестрі, «Жауқазын», «Аружан» үлгілі би ансамбльдері мен «Ибалы» би тобы, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

2016 жылдың 1 ж.ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауқымды мәдени шараларына тоқталсам, Дәстүрлі әнші, термеші, Республикалық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллиннің 65 жылығына арналған «Сұлу әнімен тамсандырған жан еді ол...»  облыстық дәстүрлі әншілер арасында байқауы,  талантты жазушы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты жерлесіміз Мұқадес Есләмғалиұлының  70 жылдығына арналған “Тарих тамырынан нәр алған жазушы” еске алу кеші, айтыскер ақын, "Сырым ауданының құрметті азаматшасы" Жаңыл Жұрмағамбетованың "Жыр сайысының жүйрігі" атты еске алу кеші және ауданымызда алғаш рет "Нұр Отан" партиясының "Ұлы дала елі" жобасын іске асыру,сондай-ақ, 29 сәуір - Халықаралық би күніне арналған "Халықтық" (үлгілі) атағы бар би ұжымдары жетекшілері арасында "Би - әлемдік өнер" облыстық байқауысынды шаралар ұйымдастырылды. 

Жылма-жыл қаңтар айының бірінші он күндігінде балалармен жасөспірімдерге арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастыру қолға алынып, барлық мәдени нысандарда өткізіледі. Бұл үрдіс 2017 жылдың қаңтар айында түрлі жаңа жыл бағытында «Жаңа-жыл,Жаңа-бақыт,Жаңа-жыр», «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыр»  т.б.  тақырыптарда мәдени нысандарда ұйцымдастырылған болатын.

Ауыл жастары мен тұрғындарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және жастарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Жастар әні қалықтайды», «Ән шырқайық», «Ауыл әуендері», «Менің ыстық мекенім» студент жастармен кездесу, «Менің болашақ мамандығым» «Мамандықтың бәрі жақсы, талғамыңмен таңдай біл», «Мамандығым-мақтанышым» т.б тақырыптық кештермен сазды бағдарламалар, "Қуатты жастар- Тәуелсіз Қазақстан үшін" атты мәдени спорттық шаралар және "Ән әлемі",  «Ел тірегі – Тәуелсіздік» атты кәсіби әнші мен түрлі сала өкілдері арасында ән байқаулар оздырылып келеді.

Соның бірі, Алғабас ауылдық кітапханасында «Ойдан туған қиял», басқа да ауылдық округтерде  «Денсаулық басты байлық» атты балаларға арналған сурет салу байқауы өтті. Шара мақсаты: оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Аңқаты өзенінің жағасында «Қыста талай қызық бар» атты жасөспірімдер арасында шанамен қысқы спорттық жарысы өз кезендерімен іске асырылды.

Барлық кітапхана жүйелерімен мәдени нысандарда Халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әліні еске алуға арналған «Қазақ елінің  жыр жұлдызы», «Қазақ өлеңінің дарабозы» әдеби поэзиялық ақынның «Табиғатқа табыну» «Далада», «Қызыл кітап», «Жоқ өлмеймін» өлеңдері жырланып, «Тамаша», «Апам үшін» түрлі тақырыптарда әдеби сазды кештермен концерттік бағдарламалар аудан тұрғындарына ұсынылды.

Ауылдық жерлерде жастардың бос уақытын тиіміділігін арттыру мақсатында   «Түнгі студия» атты ойын-сауық шоу, ескі жаңа жылға арналған «Жаңа жыл, жаңа күн» атты ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. 

Дүниежүзілік 28-і  Халықаралық универсияданы қолдау мақсатында мектеп оқушылар арасында спорттық сайыстар: шаңғымен жарыс, арқан тартыс, қырандар айқасы шана жарысы сынды жарыстар мектеп және мекеме қызметкерлер арасынды өткізілді.

Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанына  28  жыл толуына арналған «Ауған асулары» атты  ауған соғысының ұрпақтарымен кездесу кеші, дөңгелек үстелдер және қатысқан жауынгерлердің атынан баскетбол, влейбол спорт түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырлыды. Атап айтсақ: Жымпиты ауылында А.Гусмановтың еске алу баскетболдан, Аралтөбе ауылныда У.Базарбаевты еске алу волеболдан турнирлер оздырылды.

8 наурыз-Халықарылық әйелдер күніне орай «Сырым аруы - 2017» байқауы ұйымдастырылып, тұрмыстық, өнерлері т.б. инабатты да мейірімді 9 ару арасында өтті. 

22 наурыз аудандық мәдениет «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты Наурыз мерекесіне театрландырылған көрініс қойылымы қойылып, мерекелік шараға ұласты. Сонымен қатар ауылдық округтерде де Ұлыстың Ұлы күні де өз мәресіне қарай оздырылды, атап айтқанда Талдыбұлақ ауылдық МҮ-де Ұлыстың Ұлы күніне арналып, көпшілік мерекелік мәдени-іс шара өткізіліп, сағ.09.00- ден жәрмеңке басталып, мерекелік шара болып, «Жан құрбым» атты құрбылар сайысы, әр мекеме дастархан жауып, наурыз мерекесі тойланса, Тасқұдық ауылдық мәдениет үйінде «Ұлыстың Ұлы күні,  құтты болсын!» атты мерекелік шара өткізілді.

Аудандық мәдениет 15 сәуір – «Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған "Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл", Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Мөлдір махаббат»  Қозы-Көрпеш-Баянсұлу  күніне арналған  жас отбасылар сайысы, Алғабас мәдениет үйінде  жастарға арналған «Ақрап-25» КВН командасының жеке концерттер ұйымдастырылды.

Биылғы еліміз үшін айтулы күндер шешендікпен сөз бастаған, көсемдікпен ел бастаған, батырлықпен қол бастаған, ел тарихынан мәңгілік орын алған ұлы тұлға, жерлесіміз Сырым Датұлына 275 жыл, мәңгі тарих, үлгі өнегесі мол тарих Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл және Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдығына мәдени-көпшілік және бұқаралық-спорттық шаралар атаулы даталарға орай ұйымдастырылуда. Әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі  күніне арналған «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі», “Ынтымағы жарасқан ауыл» т.б. ауданымыз бойынша түрлі тақырыптарда концерттік бағдарламалар, отбасылық сайыстар, спорттық шаралар кеңінен аталып өтілді.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты, Бөрлі ауданынан келген веложорықшылар құрметіне, «Домбыра pati» домбыра кеші, «Мен қазақтың сарбазымын» атты жастар кеші, «Мен қазақтың сарбазымын!» тақырыпта концерттік бағдарламалар, «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» және «Ұланымыз ұлы елдің» патриоттық ән орындаушылардың ауылдық, аудандық байқаулары өз кезеңімен жүзеге асырылды.

Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке 9 мамыр – ҰОС-сы, жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күніне орай «Желбіре, Жеңіс туы мәңгілік», «Жеңісті жырлаймыз» т.б. тақырытапрда ауылдық округ және аудан орталығында ауданымыздың ардагерлерімізге құұрмет көрсетіліп, түрлі деңгейде (концерттік бағдарлама, гүл шщоқтар қою,  әдеби сазды кеш, кездесу кеші, т.б.) кеңінен шаралар аталып өтілді.

қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған «Айбынды жігіттер » аудандық байқауға 10-ға жуық үміткерлер қатыстырылып, «Бас жүлдеге»  ие болған Ануаров Айдын Қаныбекұлы //Туризм орт./ облыстық байқауға қатыстырылды.

Қазақтың абыз ақыны Қ.Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында, «Ауылдан сәлем» жобасы аясында «Назқоңыр» этно –мәдени тобының ,қазақтың салт дәртүрінен, ұлттық ойындарынан,ұлттық «Қара жорға» биі мен халық термелері бар,  ауыл тынысынмен таныстыратын,  «Ауыл тойы» көрінісімен ашылып, «Ауылым алтын ұя-Аралтөбе» концерттік бағдарламасымен ұласты.

31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Алаш» саябағымен аулдық округтерде бір мезетте митингілік шара ұйымдастырылды.

1 - Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты балаларға арналған мерекелік фестиваль  ұйымдастырылды.

2 маусым күні  Аудандық мәдениет үйінде ұлттық салт- дәстүрлерімізді жастарға, жалпы халыққа насихаттау, көбірек түрлерін көрсету, салтымызды  әнге  ұштастырып, әнмен көмкеріп әдемілеу, халыққа тартымды ету, салт- дәстүрлерімен   ұмыт  қалғандарын көтеріп, күнделікті өмірімен байланыстырып орнын табу, құндылығын көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайнар біздің әжелер арды – ойлаған" атты аудандық әжелер ансамбльдерінің байқауы оздырылып, байқауға Аралтөбе ауылынан «Ақ әжелер», Бұлан ауылынан «Ару Ана», Жосалы ауылынан «Ару ана», Алғабас ауылынан «Ақбаян»  алқалары қатыстырылды.

Ауданның кітапхана жүйесін 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 22 ауылдық кітапхана (соның ішінде 3-уі модельді) құрайды.

Биыл айтулы даталардың бірі, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай республикакөлемінде флешакция бір мезетте 12 қаңтар күні сағат 11:00-де барлық жерде  «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» кітап көрмесінің ашылуы өтті.

12 қаңтар күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет үйінің фойесінде көпшілік оқырмандардың қатысуымен Сырым Датұлының                           275 жылдығына арналған «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» кітап көрмесінің ашылуы өтті. Мақсаты: Қазақ ұлтының азаттығы үшін күрескен кемеңгер, қара тілдің дүлділі С.Датұлының елінің, жерінің тәуелсіз болуы жолындағы қызметін, батыр бабамыздың асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау.

2016 жылдың 1 тоқсанында оқырман саны – 4130 адам болса, 2017 жылдың 1 тоқсанында кітапхана қызметін пайдаланушы ретінде 4355 оқырман тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 225 оқырманға көбейген.

Былтырғы жылдың І-жартыжылдығында оқырмандарға 48900 басылым (кітап, газет, журнал) берілген болса, үстіміздегі жылдың І-жартыжылдығында                     48980 басылым берілді, яғни берілген басылым саны -  80 басылымға артып отыр.

Оқырмандардың кітапханаға қатынасу санында да айырмашылық бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биылғы жылы кітапханаға қатынасу саны               120 санға артқан.  

Кітапхана қызметінің сапасы мен дәрежесі ондағы кітап қорының сапасына, кітапхана қорының ақпараттық құндылығына, оның жаңаруына және еліміздің ортақ ақпараттық саласына қосылу мүмкіндігіне байланысты. Сырым аудандық ОКЖ-нің кітап қоры 2017 жылдың 1-шілдесіне 328863 дана әдебиет болса, соның 159458 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер санын құрайды.

2017 жылдың 6 айлығында кітапханаларға 1844 дана жаңа әдебиет келіп түскен болса, соның 1692 данасы қазақ тілінде, сомасы - 4173,0 тг. Облыстық кітапханадан 1270 дана жаңа әдебиет келіп түсті, қазақ тіліндегісі - 1144 дана, сомасы – 3460,0 теңге. Аудандық бюджеттен кітап қорын толықтыруға 728000 теңге қаржы бөлініп, оған 574 дана әдебиет сатып алынды, қазақ тіліндегісі – 548 дана.

2017 жылдың ІІ-жартыжылдығына жүйе бойынша 66 атаулы мерзімді басылымға жазылып, оған 1 млн 703614,60 теңге қаржы жұмсалды.

Барлық кітапханада кітап қорын сақтауда санитарлық-профилактикалық шаралар үнемі жүргізіледі.

Қызметтің негізгі сандық көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

2016 жыл

6 ай

2017 жыл

6 ай

1

Оқырман саны                          

7560

7650

2

Берілген басылым саны

131000

131800

3

Оқырман келім саны            

39000

39200

4

Кітап қоры  

327045

328863

5

Жаңа әдебиеттер

1604

1844

6

Көпшілік шаралар

265

280

7

Оған қатысқан оқырман саны                                 

4800

5000

8

Кітапхана саны

24

24

кітап қоры 2017 жылдың 1-шілдесіне 328863 дана әдебиет болса, соның 159458 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер санын құрайды.

2017 жылдың 6 айлығында кітапханаларға 1844 дана жаңа әдебиет келіп түскен болса, соның 1692 данасы қазақ тілінде, сомасы - 4173,0 тг. Облыстық кітапханадан 1270 дана жаңа әдебиет келіп түсті, қазақ тіліндегісі - 1144 дана, сомасы – 3460,0 теңге. Аудандық бюджеттен кітап қорын толықтыруға 728000 теңге қаржы бөлініп, оған 574 дана әдебиет сатып алынды, қазақ тіліндегісі – 548 дана.

2017 жылдың ІІ-жартыжылдығына жүйе бойынша 66 атаулы мерзімді басылымға жазылып, оған 1 млн 703614,60 теңге қаржы жұмсалды.

Барлық кітапханада кітап қорын сақтауда санитарлық-профилактикалық шаралар үнемі жүргізіледі. 

Алғабас ауылдық модельді кітапханасында 12 қаңтар күні еліміздің мақтанышы, айбынды батыр, ділмар шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына орай ауылдық округтегі түрлі маман иелерінің қатысуымен  «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында көпшілік оқырмандардың қатысуымен кітап көрмесе шолу өтті.Мақсаты: өзі туып өскен елінің азаматы үшін күрескен мемлекет қайраткері, айбынды батыр ерлігін, сөз саптауда шешендігін бүгінгі ұрпақтарына үлгі тұтып, құрметтеуге баулу.Кітап көрмесіне шолу жүргізу барысында кітаханашылар ерен ер Сырым бабамыздың ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшысы болумен қатар, өз дәуірінде өмір сүрген би-шешендермен айтысуда сөз саптауға шебер көзге түскені туралы да айта келіп, Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін С.Датұлының есімі жанданғанын, ұрпақтары әрдайым оның есімімен мақтанатынымыз  жайында да атап өтті. Оған дәлел, 1992 жылы аудан Сырым есімі берілгенін, батыр баба атында көше, мектеп, саябақтар да ашылғаны туралы кеңінен тоқталып өтті.

Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл және алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл толуына орай 20 қаңтар күні сағат 11:00-де барлық кітапханада бір мезетте «Алашорда – Тәуелсіздктік бастауы» тақырыбындағы кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. 

Өлеңті ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай кітап көрмеге шолу өткізілді. Тақырыбы «Алашорда-Тәуелсіздік бастауы». Мақсаты: Еліміздің тарихын білуге, құрметтеуге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Осындай игі істер түрлі тақырыптарда барлық кітапхана жүйелерінде жоспралы түрде ұйымдастырылды.

27 қаңтар күні аудандық кітапханада қауіпсіз Интернет апталығы шеңберінде аудандық кітапхана мен облыстық  Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарының қатысуымен «Балалар, компьютер және ғаламтор: кітап оқу мен ақпараттық сауаттылық мәселелері» тақырыбында On-line конференция өтті.

2017 жылдың 16 ақпанында Шағырлыой ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатындадөңгелек үстел өтті.Шара барысында Жолдаудағы алға қойылған өзекті мәселелер мен тақырыптар қызу талқыланып, халықтан лайықты қолдау тауып, оқырмандарға насихатталды.

1 наурыз күні аудандық кітапханада Алғыс айту күніне орай «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қонған – Қазақ елі» атты көрме-досье ұйымдастырылды. Көрме досьеге «Инабат» әуесқойлар клубының мүшелері қатысты. Мақсаты: ортақ тарих, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту бағытындағы әдебиеттерді насихаттау. Көрме-досьеге 16 оқырман қатынасты.

14 наурыз күні Тасқұдық ауылдық кітапханасында Көрісу айт мейрамына орай «Көрісу айт – Наурыз бастауы» тақырыбымен ауылдың аға буын өкілдерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты: балаларға Көрісу айт туралы түсінік беру және балаларды қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

27 наурыз аудандық кітапханада облыс әкімінің ұсынысы бойынша өңірде «Мейірімді көктем» қайырымдылық іс-әрекеті бойынша үйлестіру кеңесі мүшелерінің үндеуі аясында 2 сәуір – Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай «Кітап – ғажайып әлем» әдеби кеш өтті. Шараға Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының директоры Боранбаева Қаракөз Қасымовна, кітапханашысы қатысып әлеуметтік-мәдени оңалту және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сапалы кітапханалық қызмет көрсетуде оңтайлы жағдай туғызу, ақпаратты еркін және кедергісіз алуды және негізгі көздерін сақтауды қамтамасыз ету жолдары туралы айтып өтті.

30 наурыз күні аудандық кітапханада ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен С.Датұлының 275 жылдығына орай Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы «Тар кезең» романының авторы, қазақ оқырмандарына аудармашы ретінде жақсы таныс, сырымтанушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романына арналған «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Жетістіктер: Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар поэзиясы байқауын ұйымдастырды. Байқауға Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен Бұлдырты ауылдық кітапханасының оқырманы Матышева Жанерке, аудандық балалар кітапханасының оқырманы Ғұбайдуллина Мөлдір қатысқан болатын. Байқау қорытындысы бойынша Матышева Жанеркенің шығармашылық жұмысы («Тәуелсіздік тартуы» тақырыбындағы өлеңі)  “Тәуелсіз ел - Мәңгі ел!” номинациясы бойынша үздік деп танылып, жүлделі І-орынға ие болды. Байқаудың ережесіне сай байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы Ж.Матышева 2016 жылдың 26 мамыр күні  Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасында өткен «Ақтөбе жыр құшағында» атты аймақтық балалар поэзиясы байқауына қатысып, ІІІ-дәрежелі дипломмен, естелік сыйлықпен марапатталды.

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын кеңінен атап өту, өскелең ұрпақты рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу,егемендігіміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің тұғыры болып табылатын рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттiк рәміздердің сипаттамалары мен  ресми пайдалану тәртiбiн түсіндіру бағытында шаралар кеңінен насихатталды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы соңғы он жылдан бері ұлттық әдебиетіміздің ең үздік шығармаларын оқытумен, насихаттаумен танылып жүр. Акция қоғамды, оқырмандарды отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятуына дәнекер болуда. Биыл Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімімен ел болып оқуға ұлт үшін күрескен алаштың жалынды ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Ұлы ақын, қоғам қайраткері, публицист, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыров - 27 жыл ғұмырының ішінде артында бай рухани қазына қалдырған бірегей құбылыс. Сұлтанмахмұттан қалған мұра біздің ұлттық әдебиетіміздің ХХ ғасырдың басындағы дәуірдің шындығын, қоғамдық ой-пікірдің дамуын түсінуіміз үшін аса маңызды. «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» деген ақынның үлкен философиялық ойы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясымен үндесіп жатыр.Осындай арқалы ақынның рухты жырлары жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, тағылымды ғұмыры көпке өнеге болары анық. Осы орайда акцияны ілгерілету, ақын шығармаларын насихаттау мақсатында наурыз айынан бастап кітапханаларда әр түрлі тақырып пен бағыттағы мәдени іс-шаралар өткізілді.

Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған «Қауіпсіз Интернет» апталығы аясында 23 қаңтар күні аудандық балалар кітапханасы оқырмандарының қатысуымен «Балалар,компьютер және ғаламтор: кітап оқу мен ақпараттық сауаттылық мәселелері» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Облыс әкімінің ұсынысы  бойынша өңірде «Мейірімді көктем» қайырымдылық іс-әрекеті бойынша үйлестіру кеңесі мүшелерінің үндеуі аясында 27 наурыз күні аудандық кітапханада 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Кітап – ғажайып әлем» әдеби кеш, Шағырлыой ауылдық кітапханасында «Кітап - біздің досымыз» атты тәрбие сағаты, Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында «Кітап - асыл қазына» атты  әдеби-сайыс түрлі шаралар барылқ ауылдық окргутерде жалғасын тапты.

Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, ҚР Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қанатты қызы қазақтың», және т.б. тақырыптарда түрлі әдеби сазды кештер ұйымдастырылды.

Балалалармен жасөспірімдер арасында 2017 ж 1 ж.ж. 6 аудандық жарыстарылып, 344 жасөспірім қатыстырылды. Шаралардың біріне тоқталсақ: жылма-жыл дәстүрге айналған жасөспірімдер арасында 2003-2004 ж.т. және                2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында «Қазақстан Барысы» аудандық турнирге ауданымыздың барлық окргутерінен 65 жуық спортшылар 12 команда арасында жарыс ұйымдастырылды.        

2017 жылдың І ж.ж. спорт саласында  257 бұқаралық-спорттық шаралар оздырылып, 6415 адам қамтылса, 2016 жылдың І ж.ж. тоқсанында 223 бұқаралық-спорттық шараға  6327 адам қамтылды. 

Ауданымыздын спорттық тарихы өте бай тереңде жатқаны бәрімізге мәлім, облыстық ареналарда біздің аудан спортшыларының позициясы алдынғы қатарда. Спортшыларымыздың түрлі деңгейдегі беделді жарыс­тар­да қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қа­зір­гі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізіп келеді.

25 ақпан күні аудан орталығында Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қордың кубогі үшінволейболдан аудандық ашық турниріне Орал қаласынан және Шыңғырлау, Ақжайық, Теректі, Қаратөбе, Жымпиты аудандарынан 7 команда қатысты.

5-наурыз күні Ұлттық спорт түрлерінен Cырым Датұлының 275 жылдығы, Алаш қозғалысының 100 жылдығы және Ж.Досмухамедовтың 130 жылдығына арналған тай жарысынан аудан біріншілігіне Жымпиты ауылының шабандоздары қатыстырылды. Қатысушы саны-18 адам.

«Мейірімді көктем» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында асық атудан аудан біріншілігіне 13 балалармен жасөспірімдер қатыстырылды.

Жылма-жыл дәстүрге айналған 11 спорт түрінен мекеме қызметкерлер арасынан көктемгі спартакиадаға аудан орталығында мекеме қызметкерлері қатысты.

Балалармен жасөспірімдердің бос уақытын тиімдігілін арттыур мақсатында спорт түрлері: күрес, баскетбол, ат спорт түрлерімен жарыстар жоспарлы ұйымдастырылып келеді.

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын ауылдық округтердің ара қашықтық арасында және аудан орталығына мәресіне велошеруге ауыл тұрғындары дерлік қатыстырылды.

23 маусым-Мемлекеттік қызметкерлер күніне және полиция қызметкерлер күніне орай аудандық шахмат, дойбы және шағын футболдан жарысқа 30-ға командаға топтастырылып, спорттық шаралармен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

2016 жылы «Балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде» 467 жасөспірім 37 спорттық үйірмеге тартылса, соның ішінде спорттың түрлері бойынша жарыстардағы жетістіктеріне қарай 37 жас спортшыларға тиісті талапқа сай құжаттары тапсырылып, «ІІ спорттық разряды» тоғызқұмалақтан 5 спортшыға қазақша күрестен 23, еркін күрестен 9 спортшыға берілсе, 3 жаттықтырушыға «қазақша күрес», «самбо», «дзюдо» спорт түрлерінен спорт төрешісі санаты берілді. Халықаралық дәрежеде дода түсіп, жеңімпаз атанған Сағадат Гаухарға Қазақстан Республикасының кәсіби шебері атағын берген болатын. 2017 жылдың 1 ж.ж. 7 жаттықтырушыға «қазақша күрес», «самбо», «дзюдо» спорт түрлерінен спорт төрешісі санаты, 10 жас спортшыға күрсе спорт түрлерінен «ІІ спорттық разряды»  берілді.

Кезекті мәдениет ұйым қызметкерлерінің аттетациялауға 43 мәдениет қызметкерлері, оның ішінде: 40 мәдениет қызметкері өтіп, нәтижесінде: 3 мәдениет қызметкер қайтадан аттестациялау қалдырылса, 5 мәдениет қызметкердін біліктілік санатты жоғарланды.    

 

Азаматтық хал актілер бойынша: баланың дүниеге келуі бойынша оларға қайталама куәлік беру-98, некені тіркеу немесе олардың куәліктерін қайта рәсімдеу-35, хал актілері туралы қайталама куәлік аңықтама-64, дүниеден өткендерді рәсімдеу (қайтыс болу туралы куәлік беру)-39 берілген.