Еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша

Экономикалық белсенді халық саны 11821адам. Ресми жұмыссыздар 0,7 % (адам саны  89).
2017 жылдың 1 сәуіріне орталыққа жұмыспен қамту мәселесі бойынша 179 адам жолықты. Жолыққан адамдарды тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастыру барысында 60,3 пайызы  (108 адам) жұмыспен қамтылды.
2017 жылы  355 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 3 айында жоспар 12,67% орындалып отыр, яғни 45 жұмыс орны ашылды.
Кәсіптік оқытуға 2017 жылы 33 адамға 5 млн. 704 мың теңге қарастырылды. Әзірге оқуға жолданған жоқ. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу нысаналы топқа жататын адамдарды  әлеуметтік қорғаудағы ең маңызды шара болып табылады. 2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адамды жіберу жоспарланып, бұл мақсатқа 5911,0 мың теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда 35 адам жолданып, 592 мың теңге игерілді.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 2017 жылдың 3 айында 61 адамды 21041,0 мың теңге қаржыға жұмысқа жолдау жоспарланып, аталған қаржыға осы жылдың үш айынан бастап 21 адам уақытша жұмысқа жолданды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың белсенді түрі - қоғамдық жұмысқа тарту. 2017 жылдың 3 айында дерекқор бойынша 120 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
14 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік тұрғыда қорғалды, оның ішінде 1-еуі тұрақты жұмысқа , 12-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 оқуға жолданды.

 

Әлеуметтік төлемдер төлеу

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 cәуіріне жалпы халық саны – 20650  адам, 5011 отбасы, 2016 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 0,9 пайызға көбейіп тұр (2016 жылдың 1 сәуіріне 20468 адам, 4974 отбасы).
2017 жылдың 1 сәуіріне  жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын 2 отбасындағы 6 адамға 80,9 мың тенгенің көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда отбасы саны  85,7 %-ға азайып,   (2016 жылдың 1 сәуірімен 14 отбасы 45 адамға 538,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.)
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын төлеуге 2017 жылдың 1 сәуіріне 356 отбасының 894 баласы қамтылып, оларға 6363,9 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 1,6 %-ға азайып, сомасы 4,5 %-ға көбейіп отыр (2016 жылдың 1 сәуірімен 362 отбасы, 923 бала, сомасы 6086,8 мың тенге).
Тұрғын үй көмегін 2017 жылдың 1 сәуіріне 28 отбасыға 481,8 мың теңге төленді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 21,7 пайызға көп. (2016 жылдың 1 сәуіріне 23 отбасы 310,4 мың теңге тұрғын үй көмегін төленді).
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 171 отбасына 4554,0 мың теңге төленді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда материалдық төлем алушылар саны     24,8%-ға, сомасы 60%-ға  көп (2016 жылдың  осы кезеңінде 137 отбасыға 2830,5 мың теңге материалдық төлем төленді).
Аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық және ізгілік көмекті 2017 жылдың 1 сәуіріне 147 отбасына 715,3 мың теңгеге көмек көрсетілді. 2016 жылдың мәліметпен салыстырғанда көмек алушылар 23-ға, сомасы 29,3 пайызға аз (2016 жылдың 1 сәуіріне 191 отбасына, 1012,2 мың теңге).
2017 жылдың 1 сәуіріне «Өрлеу» жобасына 18 отбасы с.і 82 адамына 3725,5 мың теңге тағайындалып 1728,0 мың теңге көмек төленді. Берілген қаражатқа 1 сиыр, 2 қашар, 1 бұзау және 9 қой сатып алынды. Жоба аясында 5 адамды тұрақты және маусымдық орналастырылды және 5 адамды қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы

2017 жылдың 1сәуіріне  648 мүгедек есепте тұр, соның ішінде 1 топ – 58, 2 топ – 225, 3 топ – 292, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 65. Бұның сыртында ҰОС қатысушыларына теңестірілген – 6 адам және ҰОС мүгедектеріне теңестірілген – 17 адам және тыл еңбеккері – 284 адам есепте тұр. Ауданымызда «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» бірінші және екінші кезеңдерін жүзеге асыру бағытында 2012 жылы ауданымызда қолданыстағы ғимараттарға түгендеу жүргізіліп, аудан бойынша барлық әлеуметтік инфрақұрылым-объектілерінің саны – 109 екені анықталды. Биылғы жылғы жоспардағы 25 нысанды бейімдеу шаралары қолға алынып отыр. 2017 жылы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамту үшін республикалық бюджеттен 4 144,0 мың теңге және аудандық бюджеттен қосымша 4 700,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 41 мүгедек ай сайын гигиеналық құралмен қамтылып келеді. Мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз етуде ай сайын міндетті гигиеналық құралдарды және қажеттілігіне қарай басқалай тифло және көмекші құралдарды уақытылы үйге жеткізіп беру жұмыстары ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері және әлеуметтік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылып келеді. 2017  жылға қозғалуы қиындық туғызатын бiрiншi топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 8900,0 мың теңге қаржы қаралып, «Нұрлы болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі арқылы 46 бірінші топ мүгедегі жеке көмекші қызметімен қамтылды. Мүгедек балаларды үйден оқытуға мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылға 1000,0 мың теңге қаржы қаралып, жыл ішінде үйден оқитын 14 мүгедек баланың ата-анасының біріне ай сайын 3 ЕАК көлемінде жәрдемақы төленіп, ағымдағы жылдың І тоқсанына 275,9 мың теңге игерілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 1 наурыз – 31 мамыр аралығында «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы жарияланған болатын. Қайырымдылық акциясының наурыз айы бойынша көмекке мұқтаж жандарды қолдауда жалпы аудан бойынша 161 мүгедекке 598 141 теңгенің және аз қамтылған 56 отбасы (135 адам) 221 859 теңгенің, барлығы – 239 адамға 820 000 теңгеге қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы.

 ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде аудан бойынша барлығы 94 қызмет алушыға 24 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Соның ішінде 50 жалғызілікті қариялар мен І, ІІ топ мүгедектеріне 11 әлеуметтік қызметкер, 13 – 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға 3 әлеуметтік қызметкер, 31 психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге 10 әлеуметтік қызметкер үйде әлеуметтік көмек көрсетеді.