Мерзімі

Атауы

Мақсаты

Нәтижесі

17-19 мамыр 2017 жыл

Тәртіпсіздік және құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс прокурорымен бекітілген «Өзіңнен баста-Начни с себя!» жобасын іске асыру

      Тәртіпсіздік және құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасына Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің - 29 полиция қызметкері жұмылдырылды.
Жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы кезінде – 4 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Сонымен қатар құқық бұзушылықты анықтауға 12 қоғамдық көмекші патрульге шықты. Осы іс-шара кезінде Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлерімен – 60 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Колледж студенттеріне және жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылар арасында 2 дәріс оқылды.
Іс-шара өткізу барысында өткізіп жатқан Тәртіптік және құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мақала жарияланды.


Мерзімі

Атауы

Мақсаты

Нәтижесі

10 -20 сәуір 2017 жыл

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес және ІІМ-нің жедел-профилактикалық іс-шараларды және арнайы операцияларды өткізуінің 2017 жылғы 2-тоқсанға арналған кестесін, сондай-ақ ҰҚК, ІІМ Қаржы министрлгінің  жедел-профилактикалық іс-шараларының жоспарын орындау үшін, мамырдағы мерекелерді мерекелеу және ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу

Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен және әкімшілік полиция қызметкерлерімен – 120 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сырым АІІб-де 4 қылмыс тіркеліп соның 1 ашылды. Профилактикалық есепте тұрғандарды үйлерінен 333 рет, аңшы қаруы бар азаматтарды 146 рет және сауда орындары, мешіт, құрылыс аландары, автокөліктерді жөндеу орындарын 47 рет тексерілді.


01.03.2017


Мерзімі

Атауы

Мақсаты

Нәтижесі

14-28 ақпан 2017 жыл

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы

Заңсыз аң, су жануарларын аулау, орман ағаштарын кесу, ұрлау, биологиялық ресурстарды тасымалдау фактілерін анықтау, осы санаттағы қылмыстарды ашу. Экологиялық қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және қылмыстық істерді қозғау, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау.

Сырым ауданының ішкі істер бөлімімен 2 ұтқыр топ құрылып, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің – 18 және жол полициясының – 2 қызметкері, сонымен қатар 3 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.
ЖПІШ-сы кезінде Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің  полиция қызметкерлерімен 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБК-нің 382 бабы 1 бөлімімен 8 әкімшілік хаттама толтырылып ескерту салынды.


Мерзімі

Атауы

Мақсаты

Нәтижесі

14-28 ақпан 2017 жыл

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы

Заңсыз аң, су жануарларын аулау, орман ағаштарын кесу, ұрлау, биологиялық ресурстарды тасымалдау фактілерін анықтау, осы санаттағы қылмыстарды ашу. Экологиялық қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және қылмыстық істерді қозғау, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау.

 


Мерзімі

Атауы

Мақсаты

Нәтижесі

26-28 қаңтар 2017 жыл

«Қолайсыз отбасы» кешенді-жедел профилактикалық іс-шарасы

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, кәмелетке толмағандар және тұрмысы қолайсыз отбасыларды есепке алу, сондай-ақ, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілерін анықтау.

Аудан көлеміндегі алкогольдік өнім және темекі бұйымдарын сату орындарына рейдттер жүргізіліп, көңіл көтеру мекемелері тексерілді. ҚР ӘҚБтК-тің 127 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-тің 442 бабы 2 бөлігімен 7 әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Ауыл тұрғындарының тұрғын жайларына қарау барысында жасөспірімдердің оқуына, тәрбиесіне қарамай ішкілікке үйір 1 отбасы анықталып, ҚР ӘҚБтК-тің 127 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында мәселесі қаралып, ҚР ІІМ-нің 29.12.2015 жылғы №1098 бұйрығы басшылыққа алынып, «Қолайсыз отбасы» санаты бойынша аудандық ішкі істер бөліміне есепке қойылды.