Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы, Бұлан ауылы 1969 жылы құрылған, аудан орталығы – Сырым ауданы, Округ орталығы-Бұлан ауылы, облыс орталығынан ара қашықтығы 128 шақырым. Округ аумағы – 49072 мың шаршы шақырым.

Бұлан ауылдық округінде 2 елді мекенде 2017 жылы Бұлан -602, Жамбыл – 348, барлығы 950 адам немесе 256 отбасы тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар - 102, мектеп жасындағы балалар / оқушылар/ -137 , студенттер-37, зейнеткерлер- 95, тылда еңбек еткендер- 17, әскер қатарында-2, мүгедектер -32, оның ішінде бала жасындағы мүгедектер-2. Ауылдық округ негізінде ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде мал шаруашылығы. 2017 жылы 10 шаруа қожалығы тіркеліп отырса (2016 ж. 8 шаруа қожалығы) 2 шаруа қожалығына көбейіп отыр.

Мал шаруашылығында барлық ірі қара –1482 (2016 ж.-1669) басқа, 2016 жылмен салыстырғанда 8 % кем болса, ұсақ мал барлығы – 4211 (2016 ж. 4735) бас болып 8 % кеміп отыр, жылқы малы- 517 (2016 ж. 332) бас болып 15 % болып өсіп отырса өткен жылмен салыстырғанда , құс -914-ді құрап (2016 ж. -447) бас болып 33 % өсіп отыр.

Жануарларды бірдейлендіру, жылқыларды таңбалау жұмыстары сәуір айының 15 нен басталып жүргізілуде. Бурцеллез ауруына қарсы 747 бас ірі-қара аналық малдан қан алынып оның 24 оң нәтиже беріп, толықтай жойылды. 4461 бас ұсақ аналық тан қан алынып таза нәтиже берді. Жылқыларды таңбалау жұмыстары жүргізіліп 46 қожалықтын жылқылары және 55 жеке тұрғынның жылқылары таңбаланды. Әр түрлі ауруларға қарсы ірі қара, ұсақ мал, жылқы малдары егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы 1350-ірі қара, ұсақ мал-4000 мал, 550-жылқы егілді.

2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда ауылда 3 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен 1 кәсіпкерге көбейіуде соның ішінде жұмыс жасайтындарының саны 3.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж. арналған бағдарламасы» бойынша Бұлан ауылынын тұрғыны Б. Калишанов 2 млн. 200 мың теңге, Жамбыл ауылы бойынша Ғ. Каримов 1 млн.450 мың теңге несие алса, «Іскер бағдарламасы» бойынша Жамбыл ауылының шаруа қожалықтары «Тоқмырза» ШҚ 3 млн 960 мың теңге және «Меңдібай» ШҚ 1 млн 300 мың теңге несие алды

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 2 отбасы 6 адам 363700 теңге беріліп, алынған қаржыға 2 бас ірі қара және 10 бас ұсақ мал сатып алынды.

2017 жылы жұмысқа орналастырылған адамдар саны-49, ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдар саны-35, кәсіптік оқуға жіберілгендер саны-3.

18 жасқа дейінгібалалар жәрдемақы 22 отбасындағы 53 балаға (2016 жылы -27 отбасы 69 балаға) тағайындалды .

Округ бойынша қайырымдылық айлығы кезінде 6 отбасына 53 мың теңге қаржы көлемінде, ақшалай және азық-түлікпен көмек көрсетілді. Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт жұмыс жасайды.

Туу көрсеткіші бойынша 2017 жылы 15 бала дүниеге келсе (2016 жылы-11) 13 % өсіп отыр, өлім көрсеткіші -8 адам (2016-12 адам) 6% кеміді. .

2017 жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде -43 ауыл тұрғыны ем алды. Үйге шақыртып ем алғандар саны 98 адамды құрайды. Жоспар бойынша флюрографияға түсуге тиіс 500 адам толықтай өткізіліп 100% орындалып отыр. Диспансерлік есепте тұрған тұрғындар саны- 121. Скринигтік тексерістен-115 адам өткізілді. Күндізгі стацианарлық ем алғандар саны-128 адам, амбулаториялық ем алғандар саны -70 адам.

Округ аумағында мәдени ағарту саласына келсек 1 мәдениет үйі,1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 спорт әдіскері өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жұмыстарын атқаруда.

Бұлан ауылдық кітапханасында кітап қоры 12604,оқырман саны -407. Жыл басынан қорға 205 жаңа кітап келді.

Ағымдағы кезеңде округ бойынша 38 мәдени шаралар өткізілді, қамтылған адамдар саны 2345 көрермен (2016 ж. 38 шара-2200 көрермен). Округ бойынша білім беру желісін 1 жалпы білім беретін және 1 негізгі мектеп құрайды. (Мектептер компьтермен қамтылған, интернетке қосылған. Екі мектеп бойыншша 31 мұғалім білім беруде. 2017-2018 оқу жылында 100 бала (2016-2017 оқу жылында 108 бала) ыссы тамақпен қамтылып отыр. Мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс істеуде. Шағын орталықта барлығы 33, балабақшада 20 бала қамтылуда, 3 тәрбиеші қызмет етеді. 2017-2018 оқу жылында екі мектеп бойынша 137 (2016-2017 оқу жылында 135) білім алуда. Ағымдағы жылы Жамбыл негізгі мектебінің еденіне жылы еден төселіп, жылу жүйесі қалыпқа келтірілді.

Ауылдық округ бойынша 16 тамыз күні «Мектепке жол» акциясы оздырылып, Бұлан және Жамбыл ауылдарындағы күнкөрісі төмен отбасылар, көп балалы жанұяларының балаларына сумка, оқу құралдары табыс етіліп, барлығы 64 балаға 175000 теңгенің көмегі көрсетілді. Бұл шараға ШҚ-тың басшылары, ауылдық округ депутаты, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, әкімшілік, жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.

Ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында көше жолдарын қардан тазарту және су жолдарын ашу жұмыстарын «Кәрім» ШҚ және «Тагра» ЖШС-мен жүргізілді.

Тазалық айлығы кезінде сәуір айында «Тагра» ЖШС-мен келісіліп қыстай қордаланған тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілсе, қазан айының 7-күні өткізілген сенбілікте 25 мекеме қызметкерлері және бір техника қатыстырылып, Шідерті өзенінің жағалауынан барлығы 0,5 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Өткізілетін сенбіліктер кезінде 200 дана ағаш көшеттері отырғызылды.

Қыркүйек айында Жамбыл ауылында Жамбыл мектебінің айналасына мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 6 көше жарық шамы қондырылса, қосымша 2 электр қуатын үнемдегіш жарық шам қоңдырылды.

2017 жылы мал ұрлығы және қылмыс тіркелген жоқ. 2 әкімшілік құқық бұзушылық факті анықталып , ҚР ӘҚ бК-нің 434 бабы бойынша хаттама толтырылды.

Бұлан ауылдық округ әкімі Т.Кубаев