Әлеуметтік сала: Округ бойынша екі елді мекенде Аралтөбе және Қызылағаш ауылдарында 1085 тұрғын бар. Әлеуметтік жағдайы  төмен, аз қамтылған отбасынан 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Округ бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен - 2 адам алты ай мерзімге жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа комиссия шешімі бойынша кезекпен 84 адам жұмысқа тартылды. Маусымдық жұмыспен 20 адам қамтылды.

Жаңа фарматтағы АӘК 12 отбасына тағайындалып оларға барлығы 1643586 мың теңге жәрдемақы төленді.  Қайырымдылық айлығы аясында 119 азаматқа қайырымдылық шаралары көрсетіп 236816 мың теңге материалдық көмек берілді.

Ауыл шаруашылығы: округте «Жымпиты» ЖШС, 35 - шаруа қожалығы, 16 - жеке кәсіпкер жұмыстануда. Шаруашылықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Округ бойынша қысқы мал азығын дайындау шаруашылық жетекшілермен бірлесіп, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жасалған жұмыстар нәтижесінде 9,5 мың тн мал азығы дайындалып, округ мал азығымен қамтамасыз етілді. 1320 гектар жерге жаздық дәнді дақыл егіліп, әр га-дан 3,5 ц. өнім алынды.

Ауданда өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде ауылдық округ тұрғындары қатынасып өз өнімдерін ұсынды.

Округ бойынша мал шаруашылығы жақсы дамып келеді.Округте 3521 бас ірі қара, соның ішінде 1679 бас аналық мал, 5865 бас қой мен ешкі, 828 бас жылқы, 1407 құс тіркелді. Округтің 11 шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып 11 млн. 156 мың теңге демеу қаржы алып, 21 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алды.

Шағын және орта бизнес саласындағы 51 субъектілерде барлығы 77 адам жұмыс жасайды. Жаңадан тіркелген субъектілер саны 3. Округте тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында 5 азық түлік, 1 шаруашылық дүкен және шаштараз бен ателье жұмыс жасайды.

Білім беру саласында ЖББ Аралтөбе орта және Қызылағаш негізгі мектептерінде - 139 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық тобында 16 бала, шағын орталықта 34 бала тәрбиеленуде. Екі мектеп те ағымдағы  жөндеуден өтті. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін тамақпен Аралтөбе орта мектебі бойынша - 65, Қызылағаш негізгі мектебі бойынша 32 оқушы қамтылып отыр. Оқушыларға 43 ұстаз білім беруде. Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 90 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 35 бала демалып тәрбиеленді.ҰБТ-ға 5 оқушы қатысты, орташа бал 75,2 %.

Денсаулық саласы: Округ бойынша 1 амбулатория,1 медициналық пункт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аталмыш есептік кезеңге 11 сәби дүниеге келді. Ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден жоспарға сәйкес өткізілді.

Мәдениет және спорт: Округ бойынша жыл бойы бекітілген жоспарға сәйкес мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізілді. Округте ауылдық модельді кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуде. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында, ауылымыздың түлегі, продюсер, медиа менеджер Алпамыс Шаримовтың ұйымдастыруымен елімізге өз әндерімен танымал болған жас әнші Серік Ибрагимовтың концерттік бағдарламасы халық назарына ұсынылды. Округімізде волейбол, күрес, стол теннисі, шағын футбол жақсы дамып келеді. Округте мекемелер арасында және Қызылағаш ауылының командасының қатынасуымен күзгі спартакиада ұйымдастырылды.

Ақпан айында Аралтөбе ауылында ауған соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Мамыр айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Аралтөбеде жерлестер форуымы өтті. Осы форумның нәтижесінде Аралтөбе ауылында бір қорым Рысқалиев Нұрболаттың демеушілігімен және тұрғындардың арқасында темір тормен қоршалды және Аралтөбе ауылының ауылдық саябағына 600 мың теңгеге «Менің жүрегім Аралтөбе» атты компазициясы орнатылды. Қызылағаш ауылының тұрғындары 3 млн. теңге қаражат жинады. Жиналған қаражаттың 1 млн. теңгесіне балалар ойын алаңы және 2 млн - на  спорт алаңы салынды. Бұл шараға шаруашылық құрылымдар мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты.

Байланыс және газдандыру жұмыстары

Округтің тұрғындары үшін  Beeline, Kceel ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.

Округте 2016 жылдан бері табиғи газға барлық әлеуметтік нысандар мен 121 ауыл тұрғындары үйлерін толықтай қостырды.

Санитарлық-тазалық және абаттандыру

Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, шаруа қожалықтары техникаларының көмегімен күл-қоқыстар арнайы полигонға шығарылды.