Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы,  Бұлан ауылы 1969 жылы құрылған, аудан орталығы – Сырым ауданы, Округ орталығы-Бұлан ауылы, облыс орталығынан ара қашықтығы 128 шақырым.

Округ  аумағы – 49072 мың шаршы шақырым.

Бұлан ауылдық округінде 2 елді мекенде 2018 жылы Бұлан - 602,  Жамбыл - 348, барлығы 902 адам немесе 256 отбасы тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар - 102, мектеп жасындағы балалар /оқушылар/ -137 , студенттер - 37, зейнеткерлер - 95,  тылда еңбек еткендер - 16, әскер қатарында - 3, мүгедектер - 29, оның ішінде бала жасындағы мүгедектер - 5. Ауылдық округ негізінде ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде мал шаруашылығы.

2018 жылы  11 шаруа қожалығы  тіркеліп отырса (2017 ж. 10 шаруа қожалығы) 1 шаруа қожалығына көбейіп отыр.

Мал шаруашылығында барлық ірі қара -1578 (2017 ж.- 1139) басқа, 2017 жылмен салыстырғанда 28 % өсіп отырса, ұсақ мал барлығы - 3117 (2017 ж. 2971) бас болып 4,6 % өсіп отыр, жылқы малы - 418 (2017 ж. 226) бас болып 45 % болып өсіп отырса өткен жылмен салыстырғанда , құс - 947-ні құрап (2017 ж. - 914) бас болып 3,4 % өсіп отыр.

Жануарларды бірдейлендіру, жылқыларды таңбалау жұмыстары сәуір айының 15 нен басталып  жүргізілуде. Бурцеллез ауруына қарсы 2018 жылы 1642 (2017-747 )бас ірі-қара аналық малдан қан алынып оның 109 (2017-24) оң нәтиже беріп, толықтай  жойылды. 5451(2017-4461) бас ұсақ аналық тан қан алынып 7 ұсақ малдан оң нәтеже беріліп, толықтай жойылды. Жылқыларды таңбалау жұмыстары жүргізіліп  қожалықтын, жеке тұрғынның 70 (2017-101) жылқылары  таңбаланды. Әр түрлі ауруларға қарсы ірі қара, ұсақ мал, жылқы малдары егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы  1600 (2017-1350) бас ірі қара, ұсақ мал-4400 (2017ж.-4000) мал, 600 (2017 ж.-550) бас  жылқы егілді.

2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда  ауылда 12 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен 2 кәсіпкерге  көбейіуде  соның ішінде жұмыс жасайтындарының саны 8.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 ж.ж. арналған бағдарламасы» бойынша 2017 жылы Бұлан ауылынын тұрғыны Б. Калишанов 2 млн. 200 мың теңге, Жамбыл ауылы бойынша Ғ. Каримов 1 млн.450 мың теңге несие алса, «Іскер бағдарламасы» бойынша Жамбыл ауылының шаруа қожалықтары «Тоқмырза» ШҚ 3 млн 960 мың теңге және «Меңдібай» ШҚ 1 млн 300 мың теңге  несие алып 30 бас ірі қара малын бордақыласа, 2018 жылы ЖК Саметов Асхат және Габсалыков  Сагидоқас  6000000 теңге несие алып 20 бас ірі қара малын бордақылауда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шідерті» ШҚ 63 млн 85 мың теңге несие алып, 80 бас (абердин-ангус) асыл тұқымды мал басын әкелді.

«Өрлеу» бағдарламасы  бойынша 2017 жылы  2 отбасы 6 адам 363700 теңге беріліп, алынған қаржыға 2 бас ірі қара және 10 бас ұсақ мал сатып алынды. 2018 жылы Жаңа форматағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша  16 отбасы 73 адам 2775426 теңге беріліп, алынған қаржыға  12 бас ірі қара және 28 бас ұсақ мал, 23 бас құс сатып алынды.

2018 жылы жұмысқа орналастырылған адамдар саны-58 (2017ж.-49), ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдар саны-39 (2017 ж.-35), кәсіптік оқуға жіберілгендер саны- 3(2017 ж.-3)                                             

Округ бойынша қайырымдылық айлығы кезінде  2018 ж. (2017ж.-232 адамға 517300 мың теңге) қаржы  көлемінде, ақшалай және азық-түлікпен  көмек  көрсетілді. 

Округте 1  фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт жұмыс жасайды.

Туу көрсеткіші  бойынша 2018ж. 16 (2017 ж.-15 бала)  дүниеге келсе  6 % өсіп отыр,  өлім көрсеткіші -4 адам (2017-8 адам) 50 % кеміді.

2018 жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде -180 (2017ж.-144) ауыл тұрғыны ем алды. Үйге шақыртып ем алғандар саны 98 адамды құрайды.

Жоспар бойынша флюорографияға түсуге тиіс 496 адам (2017 ж.-500) толықтай өткізіліп 100% орындалып отыр. Диспансерлік есепте  тұрған  тұрғындар саны-166 (2017ж.-121). Скринигтік тексерістен-127(2017 ж.-115) адам өткізілді.

Округ аумағында мәдени ағарту  саласына  келсек 1 мәдениет үйі,1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 спорт әдіскері өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жұмыстарын атқаруда.

Бұлан ауылдық кітапханасында 2018 жылы кітап қоры 12955 (2017ж.-12604), оқырман саны -417 (2017ж.-407). Жыл басынан қорға 148  (2017 ж.-205) жаңа  кітап келді.

Ағымдағы кезеңде округ бойынша 40 (2017ж.-38) мәдени шаралар өткізілді, қамтылған адамдар саны  3624 (2017 ж.-2345) көрермен.

Округ бойынша білім беру желісін 1 жалпы білім беретін және 1 негізгі мектеп құрайды. (Мектептер компьтермен қамтылған, интернетке қосылған. Екі мектеп бойыншша 2018-2019 оқу жылы бойынша 42 (2017-2018 оқу жылы 31) мұғалім білім беруде. 2018-2019 оқу жылында 73 бала  (2017-2018 оқу жылында 100 бала) ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс істеуде. Шағын орталықта барлығы 21 (2017ж.-33), балабақшада 17 (2017ж.-20) бала қамтылуда, 3 тәрбиеші қызмет етеді. 2018-2019 оқу жылында екі мектеп бойынша 137 (2017-2018 оқу жылында 137) білім алуда.

Ауылдық округ бойынша 16 тамыз күні «Мектепке жол» акциясы оздырылып, Бұлан және Жамбыл ауылдарындағы күнкөрісі төмен отбасылар, көп балалы жанұяларының балаларына сумка, оқу құралдары табыс етіліп, барлығы 55 бала -185000 т. (2017 ж.-64 балаға 175000т.) теңгенің көмегі көрсетілді. Бұл шараға ШҚ-тың басшылары, ауылдық округ депутаты, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, әкімшілік, жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша 1 жас маманға 1 млн 500 мың теңге (2017ж. 2 жас маманға 5 млн 403 мың) тұрғын үй несиесі берілді.

Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ауылдық округ бойынша мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер өткізіліп, күл-қоқыстар шығарылды. Өткізілген сенбіліктер кезінде мекемелердің аумағына 100 дана ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мамыр айында Бұлан ауылындағы арнайы күл-қоқыс төгетін полигон орнының айналасы тазартылып, ретке келтірілді. Шідерті өзенінің жағалауына өзенге шомылуға келушілердің тұрмыстық қалдықтарын салуға арналған бөшкелер орнатылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 16 млн 231 теңгеге Бұлан ауылынан әмбебап спорт алаңы салынды.

6-27 қазан күндері аралығында аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық жариялануына байланысты, округ бойынша өткізілген сенбіліктер кезінде 5 тонна күл-қоқыстар шығарылды.

Бұлан ауылының көшелеріндегі электр бағандарына таймерлер орнатылды және 10 дана жарық үнемдегіш шамдар қойылды.

Қыркүйек айында Жамбыл ауылының іргесіндегі бөгетті бөгеу жұмыстары жүргізілді. 

2018 жылдың 5 мамыр күні Бұлан ауылында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Туған жерім – Бұланым» атты жерлестер форумы ұйымдастырылды. Форумға ауылда туып өскен ел азаматтары, мектеп түлектері қатысты. Форум аясында қатысушыларға округ бойынша іске асырылуы жоспарланған Бұлан ауылындағы саябақ салу жұмыстары, Бұлан және Жамбыл ауылдарында балалар ойын алаңдарын салу, Бұлан ауылына кіре берістегі белгіні жаңарту, «Street Work Out» алаңдарын салу жобалары таныстырылды.

12 тамыз күні Жамбыл ауылында ауыл тумасы, жеке кәсіпкер Ә.Қайырлиевтің тікелей демеушілігімен және ауыл азаматтарының қаржысына Жамбыл ауылында жазғы спорт алаңы және «Street Work Out» алаңы ашылып, пайдалануға берілді.  Сондай-ақ «Бұлан-Болашақ» ауылшаруашылық кооперативінің қаржысына балалар ойын алаңы орнатылды. /жоба құны барлығы 2 млн 500 000 теңге көлемінде/

16 қыркүйек күні ауыл перзенті, «Бұлан» ШҚ-ның жетекшісі М.Досалиевтің бастамасымен және тікелей қаржылық демеушілігімен саябақ ашылып, «Бұлан-Болашақ» ауылшаруашылық кооперативінің қаржысына балалар ойын алаңы жасалып, саябақ ауласына орнатылды. /жоба құны барлығы 1 млн 800 000 теңге көлемінде/

Алдағы уақытта саябақ ауласына орындықтар, субұрқақ, ескерткіш тақта, өрнектастар орнату, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жоспарда бар.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ауылымыздан түлеп ұшқан, қазіргі уақытта еліміздің әр қиырында жүрген ел азаматтарының демеушілігімен Бұлан ауылына кіре берістегі белгі жазбасы жаңартылды. /жоба құны 450 000 теңге көлемінде/

1 қыркүйек Білім күні қарсаңында Алматы қаласының тұрғыны, Бұлан ауылының тумасы А.Байбуловтың демеушілігімен Республикалық «Мектепке домбыра сыйла» акциясы аясында Бұлан орта мектебіне 3 домбыра сыйға тартылды. /жоба құны 66 000 теңге көлемінде/

14 қазан күні Бұлан ауылдық саябағында «Бұлан» ШҚ-ның жетекшісі М.Досалиевтің ұйымдастыруымен саябақ ауласына 200 түп, сондай-ақ ауылдық әкімшілік ауласына және ЖББ Бұлан ОМБК ауласына барлығы 50 түп ағаш көшеттері егілді. /жоба құны 100 000 теңге көлемінде/

1 қараша күні жеке кәсіпкер Ә.Қайырлиевтің қаржылық демеушілігімен және ұйымдастыруымен Жамбыл ауылына кіре беріске белгі орнатылды. /жоба құны 500 000 теңге көлемінде/.

Биылғы жылы ауылдық округіміз бойынша барлығы 5 млн 416 мың теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылды.