Бүгінгі таңда Бұлдырты ауылдық округіндегі 556 аулада 3020 тұрғын өмір сүруде.

Ауылдық округ бойынша 2018 жылы мүлік салығы 124 706 теңге, жер салығы 184 381 теңге , көлік салығы 2 057 012 теңге көлемде жинақталды. 

Ауыл шаруашылығы саласы. Округімізде мал басын көбейту мен малды асылдандыру бағытында 2017 жылы 27 шаруа қожалығы мен 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі айналысқан болса, 2018 жылы 27 шаруа қожалығы мен 3 өндірістік кооперативі жұмыс жасауда.

2019 жылдың 1 ші қаңтарына округте 6557 бас ірі қара, 10 217 бас қой мен ешкі, 2272 жылқы, 2 түйе және 2229 құс тіркелген. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал саны ірі қара 26 басқа, қой мен ешкі 1177 басқа, жылқы 123 басқа  өсті.

Ірі қара малды сырғалау жоспары 2018 жылы 2070 бас 3510 болып, 169 пайызға орындалды. Ұсақ малды сырғалау жоспары 8100 бас сырғаланып, 8800 сырғаланды 108 пайызға орындалды. Жылқы таңбалау 2018 жылы жоспардағы 1181 бас, 1254 болып таңбаланып, 106 пайызға орындалды.

Округ бойынша 2017 жылы 150 ірі қара малдан, 31 ұсақ малдан бруцелез ауруы анықталып, олар да толық жойылды.  2018 жылы ірі қара малды бруцеллезге зерттеу жоспары 6959 болса, ол 7072 бас болып, 102 пайызға орындалды.  Осыдан бруцеллез ауыруы анықталғаны 120 бас, бұлардың барлығы толық жойылды. Ұсақ малды зерттеу жоспары 15758 болса, 15903 бас болып, 101 пайызға орындалды. Анықталғаны 27 бас. Толық жойылды.

2017 жылы 164 ит, 7 мысық, 2018 жылы 115 ит, 14 мысық жойылды.

Шағын кәсіпкерлік саласы.

2017 жылы 54 шаруа қожалығы, 48 жеке кәсіпкер, 5 АТК тіркеліп, жұмыс жасаған болса, 2018 жылы 3 өндірістік кооператив, 66 шаруа қожалығы, 43 жеке кәсіпкер жұмыс жасады.

2018 жылы «Игілік» бағдарламасы бойынша 8 адам 21 млн 900 мың теңге несие алып, шаруашылықтарына 75 бас ірі қара мал сатып алып, мал шаруашылығын дамытуда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 адам 6 млн теңге несие алып 24 ірі қара сатып алды. «Бастау бизнес» бойынша 9 адам оқып, сертификаттарын алды. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының 1-бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 16 адам жолданды.

Әлеуметтік сала.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау мәселесі де басты назарда. Округтегі ауыл шаруашылық құрылымдарымен кездесе отырып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесінде және жаңадан жұмыс орындарын ашу бағытында әдістемелік көмектер көрсетілуде. 2018 жылы 15 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылып, 2018 жылы 162 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2018 жылы 10 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. 2018 жылы 32 отбасындағы 164 адамға 4 млн 832,6 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2017 жылы округтегі 8 отбасыға 180 000 теңгеге, 2018 жылы 78 отбасыға 722 000 теңгеге қайырымдылық көмегі берілді.

2018 жылы 2 отбасыға 64 000 теңге тұрғын үй көмегі, 103 адамға 2 млн 190,7 теңге материалдық көмек төленді.

Білім беру саласы.

Биылғы оқу жылында округте жалпы білім беретін 1 орта, 1 негізгі мектептерде барлығы 403 оқушы білім алуда. Мектеп алды даярлық сыныптарында 54 оқушы тәрбиеленуде. 

Оқу жылындағы екі мектептегі 403 оқушының тегін ыстық тамақпен қамтылғаны 71 пайызды құрап отыр.

ЖББ Бұлдырты мектебі жанындағы интернатта 2017-2018 оқу жылдары 14 оқушы, биылғы жылы 9 оқушы тәрбиеленуде. Оқушылар тасымалы әрбір жұма күні сабақтан соң үйлеріне апарылып, дүйсенбі күні алып келінеді.

«Мектепке жол» акциясы аясында 2017 жылы 41 отбасындағы 44 балаға 128 500 теңгеге, 2018 жылы 35 жанұядағы 44 оқушыға 166 820  теңгенің оқу құралдары мен киімдері демеушілердің көмегімен алып берілді.

 2017 жылы Бұлдырты орта мектебі жанындағы «Балдәурен» лагерінде ауылдың оқушыларынан 5 кезенде 264 бала қамтылып, аудандық «Достық» демалыс лагерінде 49 оқушы демалса , 2018 жылы аудандық «Достық» лагерінде 49 оқушы, мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде 190 оқушы тәрбиеленді. Көгеріс негізгі мектебінде «Достық» лагерінде 17, мектеп жанындағы лагерде 21 оқушы лагермен қамтылды.

2018 жылы Бұлдырты орта мектебі бойынша 40 бала бітіріп, оның 7 алтын белгі, 1-уі ерекше аттестат иегері атанды. ҰБТ бойынша тесттің нәтижесі округ бойынша 80,47 балл.

Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында округте 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс жасап тұр. Оларда барлығы 121 бала тәрбиеленуде

Денсаулық сақтау саласы.

Ауылдық округте тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін жағдай жасалуда. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап округімізге оқуды жаңадан бітірген жас маман дәрігер болып келіп, ауыл тұрғындарына қызмет етуде.

Скринингтен 2017 жылы - 350, 2018 жылы - 230 адам өтсе, профилактикалық тексеруден 2017 жылы - 1500 адам, 2018 жылы - 1785 адам өтті, флюорографиялық тексерістен 2017 жылы - 1293 адам, 2018 жылы - 1086 адам өтіп, жоспар толығымен орындалды. 2017 жылы 48 бала дүниеге келсе, 2018 жылы 40 сәби дүниеге келген. Қазіргі таңда Бұлдырты ауылдық округінде екпе жасатпай отырған отбасылар саны 14. Оларда екпе алмай отырған балалар саны 26.

Мәдениет және спорт саласы.

Округ аумағындағы мәдени ағарту саласына келсек 2017 жылы 37 мәдени шара өткізіліп, оған 1600 адам қатысса, 2018 жылы 34 мәдени шара өткізілді, оған  1127 адам қатысты.

2018 жылдың 6 қазаны күні Бұлдырты ауылдық округінде Күнбатыс Алаштың 100 жылдығына орай облыстық конференция өткізіліп, оған танымал өлкетанушылар мен тарихшылар қатысты. Алаштың біртуар ұлы Жаһанша Досмұхамедовке арнап, оның туған жері Қарақұдық ауылының тұсына белгі қойылды. Бұлдырты орта мектебінде өлкетану музейі ашылды. Ауылдық мәдениет үйінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Кейін шара дала қызықтарына ұласып, әртүрлі ұлттық спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Шара соңында ауыл тұрғындарына, қарияларға арнап ас берілді.

Жастарды спортқа баулып, олардың бос уақыттарының тиімді өткізуін ұйымдастыру мақсатында 2017 жылы 27 спорттық шаралар ұйымдастырылып оған 428 адам қатысса, 2018 жылы 32 шара өткізіліп, оған 445 адам қатысты.

Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары.

Бұлдырты ауылдық округі бойынша 109 көше шамдары бар. Көше шамдарын электр үнемдегішке ауыстыру жұмыстары 2017 жылдан басталып ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда электр үнемдегіш шамдарға ауыстыру жұмыстары толықтай аяқталу үстінде.

2018 жылы бюджеттен бөлінген 636 000 теңгені «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны баға ұсыныстарын беру арқылы 550 000 теңгеге ұтып,  Көгеріс елді мекенінен қордаланып қалған 400 тонна күл қоқыс шығарылып, Көгеріс ауылының жанындағы бөгет бітелді. Бұлдырты ауылының маңында орналасқан қатты тұрмыс қалдықтарын төгетін полигонға жеткізбей ауыл тұрғындарының төккен 820 тонна қоқысы тазартылып, арнайы полигонға тасылып, төгілді.

Бюджеттен бөлінген 250 000 теңге қаржыға ауыл саябағы абаттандырылды.

Қазіргі таңда газге Бұлдыртыда 248  үй, Көгерісте 21  үй, Қарақұдықта 5 үй, барлығы 274 үй қосылып, табиғи газды пайдалануда.

2018 жылдың мамыр айында Бұлдырты ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен құны 324 млн теңгенің ауыз су желісінің құрылысы басталып, 2018 жылдың 27 желтоқсаны күні су құбыры іске қосылып, ауыл тұрғындары сапалы сумен қамтылды. Су желісінің ұзындығы 32 шақырым. Қазіргі уақытта Бұлдырты ауылындағы мемлекеттік мекемелер мен жеке үйлерге суды қосу жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда 150 үйге қосылды.

Қылмыс пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету: 

2018 жылы округ бойынша 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 6 қылмыс ашылды. Соның ішінде 2 мал ұрлығы, қазіргі уақытта осы қылмыстарды ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтау барысында әкімшілік хаттамалар толтырылып 282587 мың теңге айыппұл салынып қазіргі кезде 224867 мың теңге  айыппұл өндірілді, өндіру 79,5 пайыз.