Ауылшаруашылығы саласы: Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Округте 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 11 шаруа қожалығы бар.

Мал азығы 3237,5 тоннна жинақталып, орындалуы 80,9%-ды құрады.

Округте – 1440 (2018 жылы – 1171) бас ірі қара, соның ішінде 566 (2018 жылы – 584) бас сиыр, 1095 (2018 жылы – 1398) бас қой мен ешкі, 743 (2018 жылы – 734) бас жылқы, 588(2018 жылы – 1700) құс тіркеліп, сәйкесінше ірі қара 269 басқа, жылқы 9 басқа өсіп, ұсақ мал 303 басқа азайып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Қарабура», «Маһарша», «Батпақты» және «Бейбарыс» ШҚ малды асылдандыру бағытында жұмыстанып, 93 бұқа, 26 қашар сатып алып, мемлекеттен 17,850 мың теңге  субсидия алатын болады.

Аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары өз өнімдерін сатылымға шығарды. 

Шағын және орта бизнес: Аудан бойынша кірістер басқармасында округте 3 кәсіпкер тіркелген. Тасқұдық ауылында 2 жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

Әлеуметтік салада тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 20 адам, ресми жұмыссыздар есебінде 9 адам тұр, 21 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 4 отбасының 16 баласына тиісті 364,6 мың теңге көлемінде тағайындалды.

Қайырымдық көмек бойынша округтегі жағдайы төмен 4 отбасыларға, жалғыз басты қарияларға, 130 мың теңге көлемінде әртүрлі деңгейдегі көмектер көрсетілді.

«Мейірбандық күндері мен қарттар күніне» ауыл қарттарына арнап қазан айында ас берілді.

Білім саласы: ЖББ Тасқұдық негізгі мектебінде 44 (2018 жылы - 43) оқушы білім алуда. Мектеп жанындағы балабақшада 16 (2018 жылы - 17) бала тәрбиеленуде. Балаларға 17 (2018 жылы - 18)  ұстаз білім беруде.

Тасқұдық орта мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасының 30 бала ыстық тамақпен қамтылған.

«Мектепке жол» акциясы аясында ауылшаруашылық құрылымдары, жеке кәсіпкерлер, округтегі мекеме қызметкерлері демеушілік көрсетіп 32 000 теңгеге мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасының 6 балаларына оқу құралдары табыс етіліп және қаржылай көмектер көрсетілді.

 Денсаулық сақтау саласында округ көлемінде 1 медициналық пункт жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігерлердің қарауында ересектер 241, балалар 82. Тегін дәрімен қамтылған ересектер – 44 (2017 жылы – 44) адам, балалар – 1 (2017 жылы - 3). Флюорографияға түскендер саны - 151 адам.

Мәдениет және спорт саласы: Тасқұдық ауылында 1 мәдениет үйі бар. Округ бойынша 33 мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша өткізілді. Кітап қоры 14 076, келген жаңа әдебиеттер саны 100 кітап.

Санитарлық тазалық және абаттандыру: Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, жеке көлік иелерінің техникаларының көмегімен күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды.

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасында көзделген кірістер қаражатын пайдалану бойынша қазіргі уақытта 353,0 мың теңге қаржы түсті. Округ бойынша қолма-қол ақшаны бақылау есеп шотына түскен қаржыны жергілікті қауымдастық кеңес мүшелерімен кеңесіп, ауылдың игілігіне қажетті жұмыстарына жұмсалуда. Қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен қаржыға ауыл көшелерінің жарығына таймер пускатель орнатуға 58,0 мың теңге, «Белгісіз жауынгер» саябағына өрнек тас (брусчатка) төсеуге 177,0 мың теңге, қалған қаржыға Тасқұдық ауылының М.Әуезов көшесінің жолына құрылыс материалдарын (ақ бор тас) төсеуге 118,0 мың теңгеге тиісті жұмыстар атқарылды.