Ауыл шаруашылығы саласында округ бойынша 13 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты - мал шаруашылығы болып табылады. Есепті кезеңге /01.01.2019 жылға/ жеке тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарындағы тіркелген мал басы саны ірі қара мал – 2907 бас, 3674 бас ұсақ мал, 400 бас жылқы және 999 құс тіркелген.

Округ бойынша 12 ауыл шаруашылық құрылымдары 851 бас ірі қара малына 11 354 000 теңге мемлекеттік субсидия төленді.

Мал дәрігерлік шаралар жоспарлы түрде, диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді.

Шағын кәсіпкерлік саласында бүгінгі таңда 4 сауда нүктесі, «Тамаша» тойханасы тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Әлеуметтік салада округ бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Қаратай» шаруа қожалығында 7 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 5 адам тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне 7 жас жолданды. Маусымдық жұмысқа 14 адам орналасса, ақылы қоғамдық жұмысқа 76 адам тартылды. «Игілік» бағдарламасы бойынша 21 450 000 теңге несие алып, /Е.Магзомов, Н.Мамбеталиева, Д.Бисенгалиева, Р.Габдешов, К.Мырзагалиев, Т.Кумашев, Н.Каримгалиева, С.Калмухамбетов/ мал басын көбейтуде.

Білім беру саласында 1 орта мектеп, мектеп жанынан 1 балабақша және 2 шағын орталық жұмыс істеуде. ЖББ А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде 126 бала білім алуда, оларға 26 мұғалім білім беруде. Мектепке дейінгі даярлық тобында - 14 бала, балабақшада 15 тәрбиеленуші, шағын орталықта барлығы 10 бала тәрбиеленуде. Мектеп оқушыларының 77-і ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 ФАП, 1 МП жұмыс жасап тұр. Жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде 185 адам ем алды.

Жоспар бойынша 2018 жылға 380 адам флюорографияға түссе, профилактикалық тексеріс, скринингтік тексеріс, диспансерлік есепте 154 ересек, 17 бала тұр.

Мәдениет және спорт саласында округте 2 ауылдық клуб жұмыс жасайды. Жыл ішінде 60 мәдени шара өткізіліп, шараларға 2820 адам қатысты.

Округтегі 2 ауылдық кітапханада кітап қоры 22768 дана, оқырмандар саны 521 адам.

Газдандыру мәселесі бойынша Қоңыр, Тамды ауылдарының әлеуметтік нысандарымен 78 тұрғын үйлері көгілдір отынмен қамтылды.

Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары аясында аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен сенбіліктер өткізіліп, 5 тонна күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды.