23.01.2019

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Сауатты жарнама – ауыл көркі» атты акция жариялайды. Егер Сіз аудан көлемінде кез-келген жерде мемлекеттік және басқа тілдерде сауатсыз жазылған және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талабына қайшы келетін жарнама, нысан атауы, басқа да көрнекті ақпаратты көрсеңіз дереу фотосуретке түсіріп, орналасқан мекен – жайын көрсетіп Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 87776285076 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне жіберуіңізді өтінеміз. Алдын ала ризашылығымызды білдіреміз.