Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес субсидия өтінімдерін беру үшін міндетті түрде жер телімдері жайылымдық (шабындықтардың, танаптардың) тіркелуі қажет. Барлық ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне жер телімдерін қайта тексеріп шығулары сұралады. Жаңа ережеге байланысты барлық субсидия төлеу Qolday.kz электронды порталы арқылы берілетін болады. Осыған байланысты барлық шаруа қожалықтары аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне келіп, осы жұмыстарды жүргізулері керек. Бұл жұмыстар атқарылмаған жағдайда 2019 жылға субсидия төленбейтіні қатерленеді.

Мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңыз сұралады: 31297, 21595, syrym-rosh@mail.ru

 

                                           Аудандық кәсіпкерлік және

                                           ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы

                                           Б.Бакытжанова

АУДАН ТАУАРӨНДІРУШЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!