12.04.2019

 

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ БОЙЫНША КОНКУРСҚА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА



Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48 бабына, Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс 2019 жылы «30» сәуір  сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Х.Достығы көшесі №44 мекен-жайы әкімшілік ғимаратында өтеді. Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің сызбасы, конкурстың ережесі, конкурсқа қатысу үшін өтінімі және жер учаскесінің жалға беру шарты үлгілерін БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Д.Нұрпейісова көшесі,  №29 мекен жайындағы «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны  8(71141) 21-8-92).

Жер учаскесінің талаптары мен шарттары: жердің құнарын төмендетпей нысаналы мақсатына сәйкес тиімді пайдалану қажет. (жерді пайдалану талаптары мен шарттары жалға беру келісім шартында толық көрсетілген).

Конкурсқа қатысу талаптары мен шарттары

Конкурсқа қатынасушы ретінде тіркелуі үшін тұлғаны куәландыратын құжат және конкурстық өтінім ұсынылады. Конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуы тиісті:

 Заңды тұлғалар үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

            1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

            2) Конкурстық ұсыныс (инвестициялық болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

             3) Тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі;

Жеке тұлғалар үшін:   

      Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

            1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

            2) Конкурстық ұсыныс (инвестициялық болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

             3) Тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі;    
 

             4) Білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.

            5) Конкурстық өтінім өшпейтін сиямен қатысушымен басылып немесе жазылып, тігілген түрде нөмірленген беттерімен ұсынылады және соңғы беті жеке тұлға үшін- қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін- бірінші басшысының (сенім жүктелген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырады.

            6) Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке салып мөрлейді, онда мына деректерді көрсетіледі:

 өзінің атауы және мекен жайы;

конкурсты ұйымдастырушының, оның мекен-жайы және «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс және (ашудың нақты күні мен уақыты) 2019 жылдың 30 сәуір сағ 1500 дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға соңғы қабылдау мерзіміне дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органның https://zhanakala-bko.gov.kz/khabarlandyrular интернет-ресурсында, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының www.zhkb-bko.gov.kz интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштамасынан танысуға болады.

Мекен жайымыз: БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Д.Нұрпейісова көшесі, №29 «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі. Анықтама үшін телефоны

(871141)21892.

Конкурстық өтінімдерді  ашу уақыты  Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,  Х.Достығы көшесі №44, 2019 жылы «30»  сәуір күні  сағат 15.00  әкімшілік ғимараты.

 

Конкурсқа түсетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің тізімі


Лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 Соның ішінде:

Нысаналы мақсаты

Жалға беру мерзімі
(жыл)

жайылым

бонитет балы

шабындық

бонитет балы

   

1-лот

Жаңақазан а/о

Балдырған-1

800

800

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

2-лот

Жаңақазан а/о

Балдырған-2

700

700

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

3-лот

Мастексай а/о Ащықұдық

600

600

7

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

4-лот

Мастексай а/о Қоскөл-1

400

400

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

5-лот

Мастексай а/о Қоскөл-2

410

410

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

6-лот

Көпжасар а/о

Қосшыңырау

500

500

7

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

7-лот

Көпжасар а/о Шоланбөлек-1

400

400

7

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

8-лот

Көпжасар а/о Шоланбөлек-2

420

420

7

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

9-лот

Көпжасар а/о Айғожа-1

600

600

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

 10-лот

Көпжасар а/о Айғожа-2

400

400

6

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

 10

11- лот

Қызылоба а/о Жаңақұдық

1000

1000

8

 

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

 

Барлығы

6230

6230