2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы № 44 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 4 бөлімге және 1 ведомствалық бағынысты мекемеде  тексеріс жүргізілді.

Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (28) ұйым мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы- мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 797;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2290;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны - 3440;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны – 579;

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер осы тоқсанда болған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Сырым елі» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жариялануда.

А.ж. 04 маусымынан бастап аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту жұмыстары басталды.


 2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы № 44 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес І тоқсан қорытындысы бойынша 3 бөлімге тексеріс жүргізілді.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (28) ұйым мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы- мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 386;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 378;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -1692;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –470;
- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер осы тоқсанда болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.
Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Сырым елі» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жариялануда.
Ал аудан орталығында орналасқан мектептердің және колледждің информатика пәнінің мұғалімдерін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектепте жинап электронды үкімет порталымен жұмыс жасаудың тиімділігі және сол тиімділікті оқушыларға үйрету керектігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді .


2017 жылдың ІV тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2016 жылдың 23 желтоқсандағы № 45 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІV тоқсан қорытындысы бойынша 8 ауылдық округке, 1 мектепке, 1 бөлімге тексеріс жүргізілді.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы ескерту түрінде шара алды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2017 жылдың ІV тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы- мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5328;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5094;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -690;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –3583;
- мерзімдері бұзылып  көрсетілген мемлекеттік қызметтер осы тоқсанда болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.
2017 жылдың қараша айында мемлекеттік қызмет көрсететін аудан орталығындағы мекемелер жиналып аудандық мәдениет үйінің фойесінде ашық есік күнін өткізіліп, буклеттер таратылды.
Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Сырым елі»  газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жариялануда.
Сонымен қатар аудан электронды үкімет порталын оқушылар арасында кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып интернет желісі бар шалғай округтердің мектептеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының қызметкерлері барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал аудан орталығында орналасқан мектептердің оқушыларын корпорация ғимаратына алдырып әр қайсысы өз өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ға өтінім шығарып, үкімет порталымен мекен жай анықтамасын шығаруды меңгерді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.