Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

Алматы, Қазақстан – Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп,  «бір терезе» қағидатына сай   қабылдау  үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен еңбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінетіндігі белгілі. Енді композиттік қызметтер қолданысқа енгізілген соң, аталған тұлғалар «Бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және Қордан берілетін зейнетақы жинақтары алушының өтінішінде көрсетілген бір банк шотына бір мезгілде аударылып отырады. Аталған өзгерістер зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық міндеттер сол тұрақты күйінде қалады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аталған қызметтерді жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ композиттік қызметті енгізуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң барып күшіне енеді. Бұл актілерді ҚР Үкіметі бекітеді. Нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мемлекеттік бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер ұсыну тәртібі өзгеріссіз күйінде қалады.  

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.   

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

Алматы, Қазақстан «БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.     

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.   

БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соң, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару Қағидаларымен[1] реттеледі. Осы Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды екінші деңгейдегі банктің мына деректемелеріне қолма-қол ақшамен енгізеді:

Бенефициар банкі 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК  

KZ12009NPS0413609816 

Бенефициар БСН

160440007161 

ТМК

«Төлем мақсатының коды» 010 

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінде Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, олардың ішінде жалданып жұмыс істемейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесінің жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негізде  аударып отыру - азаматтардың барлық санаты, оның ішінде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Өйткені 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 БЖЗҚ әрдайым байланыста

Қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек? Менің зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерінің табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбір азаматты толғандыратыны анық. Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндігі бар. 20 маусым күні Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңірлік филиалдарында Ашық есік күні өтеді. Жұртшылықпен кезекті кездесудің тақырыбы - «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері». Шара қарсаңында біз Қордың облыстық/қалалық филиалының директоры БКО Ихсанов К.И. әңгімеге тартқан едік.

Сұрақ: БЖЗҚ Ашық есік күндерін жүйелі өткізіп келе жатқанына екінші жыл. Бұл шараның қажеттілігі неде? 

Бұл жобаны біз былтырғы жылдың басынан бастап қолға алдық. Осы уақыт ішінде оған республика бойынша 19 мыңнан астам адам қатысты. Зейнетақы қалай есептеледі, бұл салаға қатысты қандай заңнамалық өзгерістер бар? Кең ауқымды түсіндірмелік жұмыстарға қарамастан, халықтың зейнетақы қорына қатысты сауалдары әлі де баршылық.  Ашық есік күні жұртшылықтың зейнетақы жүйесі туралы мағлұматын кеңейтіп қана қоймай, өздеріне қатысты жеке сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі бар. Қазақстандықтардың зейнетақы тақырыбына жоғары қызығушылығын ескере отырып, Қор басшылығы шараны жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылдады.   

Сұрақ: Қазақстанда қандай зейнетақы түрлері бар? Оған кім иек арта алады

- Қазіргі таңда зейнетақы жарналараның үш түрі бар. Оның біріншісі – міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші жұмыскердің айлық табысының 10 пайызы көлемінде аударып отырады. Екіншісі – міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жұмыс беруші зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің есепшотына айлық табысының 5 пайызы көлемінде аударады. Ал, үшінші- ерікті зейнетақы  жарнасы өзінің зейнет кезеңін жоспарлап, қарттық жасындағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрінің сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгілей алады. Өкінішке орай, азаматтардың зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білімі біркелкі емес. Осының салдарынан кей азаматтарымыз зейнетақы шағын дұрыстап жоспарлай алмайды, ал кейде тіпті бұл кемшілік олардың құқықтарының шектелуіне әкеліп жатады. Сондықтан Ашық есік күні аясында біз бұл тақырыпқа ерекше тоқталып өтуді жөн санадық.

Сұрақ: Ашық есік күнінің екінші тақырыбы – жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістері. Бұл тақырыптың маңыздылығы неде?

Бұл да өте өзекті тақырып. Себебі азаматтарды өз зейнетақы шотында қанша жарна жиналғаны, олардың қаншалықты тиімді инвестицияланғаны әрдайым алаңдатады. Зейнетақы қоры салымшылары мен алушыларын бұл туралы әрдайым құлақтандырып отырады. Ал соңғы жылдары ақпараттандыру тәсілдері айтарлықтай кеңейді. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келеді. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлері қолданысқа енгізілді. Енді кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының жағдайын үйде отырып-ақ, тіпті ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады. 2017 жылы Қорды электрондық операцияларының көрсеткіші 52 пайызға жеткен. Мұндай қызмет түрлерін біз одан әрі де жетілдіре бермекпіз. Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы. Сондықтан біз жұртшылықты бұл мүмкіндіктермен кеңірек таныстырмақпыз.   

ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алудың қандай нақты түрлері бар? Зейнетақы рәсімдеуді есептемегенде бұл ең көп сұранысқа ие қызмет түрі ғой. 

Қазіргі таңда тек ЖЗШ-дан көшірме алу ғана емес, БЖЗҚ-ның көптеген қызмет түрлері электрондық нұсқаға  көшірілген.  Қор салымшылары мен алушыларына өз жарналары туралы ақпаратты қашықтықтан  алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әдістерін ұсынып отыр. Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының енгізілуі бұл мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуде. Қысқаша тоқталар болсам, қазір мұндай ақпаратты электрондық пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да алуға болады. Android, iPhone, iPad, Windows Phone операциялық жүйелеріне есептелген мобильді қосымша да жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Әрине, ақпарат алудың белгілі бір тәсіліне жүгіну үшін Қор кеңсесіне келіп өтінім жазу, электрондық цифрлық қолтаңбаға жүгіну сынды белгілі талаптар бар.  Дегенмен, бұл  дәстүрлі қызмет түрлерінен әлдеқайда қолайлы екені анық. Осы жаңа қызмет түрлерімен біз жұртшылықты Ашық есік күнінде кеңірек таныстырмақпыз. Сонымен қатар, азаматтарға қосымша сұрақтары бойынша жеке кеңес беруге дайынбыз. Сондықтан жұртшылықты 20 маусым күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында асыға күтеміз.

Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Қалың қалай, ЖЗШ?

Бүгінде еліміздің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) шоғырланған. Олардың жай-күйіне алаңдаушылық - барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс. Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру – зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай біле алады? Бұл туралы БЗЖҚ мамандары 20 маусым күні бүкіл республика бойынша өңірлік филиалдарда өткен Ашық есік күні әңгімелеп берді.   

Қор өкілдерінің айтуынша, қазір көрсетілетін қызмет түрлері дәстүрлі әдістермен шектелмейді. Мысалы, бұрын жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу үшін Қор кеңсесіне барып өтінім жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек болатын. Соңғы жылдары салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшін көптеген электрондық қызмет түрлері енгізілген. Ал электрондық үкіметтің арқасында қашықтықтан қызмет көрсету  мүмкіндіктері кеңейе түсті. 

Біз бүгін оқырмандарымызды олармен кеңірек таныстырып өтпекпіз. Алдымен дәстүрлі қызмет көрсету түрлеріне тоқталайық. Біріншісі – Қор кеңсесіне барып тікелей қызмет алу. Бұл үшін Қазақстан бойынша 218 бөлімше жұмыс істейді. Жеке куәлігіңіз немесе шетелдік төлқұжатыңызды көрсетіп, тиісті қызмет түрін алуға болады.  Өзіңіздің орныңызға сенімді өкіліңізді де жібере аласыз.  Тиісінше ол жеке құжатымен бірге нотариалды бекітілген сенімхатыңызды, құжаттарыңыздың көшірмелерін ала баруы керек. 

Пошта арқылы қызмет көрсету түрін таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетілген мекен-жай бойынша жылына бір рет жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде азаматтардың көпшілігі жаңа мекен-жайы туралы ескертуді ұмытып кетіп жатады. Сондықтан бұл тәсіл салымшылар үшін қолайлы деу қиын.

Тіршіліктің барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсілдері қарқынды дамуы заңдылық. Бұл салымшылар үшін де, Қор үшін де ыңғайлы. Алғашында салымшыларға ақпарат электрондық пошта  арқылы таратылды. Хабарландырудың бұл тәсілі әлі де кең қолданыста. Ол үшін азамат немесе оның сенімді өкілі БЖЗҚ кеңсесіне барып, құлақтандырудың аталмыш әдісін таңдайтыны туралы өтінім жазуы тиіс. Қажетті құжаттар тізімін жоғарыда атап өттік.   

Заманауи технологиялардың дамуы бір орнында тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерінің аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгінде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтынде қолжетімді. Оны пайдаланудың екі түрлі әдісі бар:   қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында рәсімделеді) немесе тіркелген логин (жеке сәйкестендіру номері - ЖСН) арқылы. Сайтта тіркелмес бұрын азамат БЖЗҚ бөлімшесіне барып, бұл хабарлау тәсілін таңдайтыны туралы өтінім жазу керек. Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.    

Айта кетерлігі, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келеді. Сайтта ЭЦҚ арқылы авторизация жасағандар міндетті зейнетақы жарналарына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерін белгілеу туралы  өтінім беріп; өзіне қатысты қосалқы мәліметтерін, ақпараттандыру әдісін өзгерте алады. 

Смартфон, планшет, жеке компьютерлері барлар арнайы мобильді қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кіру үшін қолданылатын логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйін қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесі туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.   

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы білу үшін EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталына да жүгінуге болады. Бұл үшін «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөліміне кіру керек. Бір ғана талап –  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ЭЦҚ рәсімдеу немесе бір мәртелік құпиясөз қолдану.

БЖЗҚ электрондық сервистерді одан әрі жетілдіре бермек. Қазіргі таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргізіледі. Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.  
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.  
Осылайша, салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:

  1. Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
  2. Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;
  3. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;
  4. Жеке деректемелерді өзгерту;
  5. Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:

  1. ЖСН және құпия сөз (пароль);
  2. Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.   
«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  
«Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша? Оларды  ел экономикасына тарту үшін істеу керек? Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.    
Қазақстанның заңнамасында «өз бетінше жұмыспен қамтылу – сыйақы мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіруден (сатудан) түсетін табысқа тікелей байланысты болатын жұмыс» деп көрсетілген. Бұл ретте меншікті тұтыну - табыстың бір бөлігі ретінде қаралады.   
Тағы бір анықтама: «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі.
Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады. Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.  
Адамдардың өз беттерінше жұмыс істеуіне әр түрлі жағдайлар себеп болады. Олар жағымды және жағымсыз сипатта болып келуі мүмкін. Жағымды себептердің ішінен өз ісінің иесі болуға, өзін бизнес саласында дамытуға, икемді жұмыс кестесі бойынша еңбек етуге деген құштарлықты атап өтуге болады. 
Ал жағымсыз себептерге жұмыссыз қалу, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмау секілді жағдайлар жатады. Қандай себеп болмасын, өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам өзінің қазіргі шағы мен болашағына, зейнет жасындағы өміріне өзі жауапты болатындығын түсінуі керек. Әрине, ертеңгі күнді ойламай, тапқан табысты бетіне қарамай бүгін жұмсай беруге де болады. Бірақ, өз уақтысында зейнетақы жарналарын төлеп, болашаққа сеніммен қарағанға не жетсін!   
Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоластындағы қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істейтін мыңдаған жұмыс берушіні анықтады. Яғни, бұл жұмыскерлер жалақыны «конвертпен» алады деген сөз. Бұл жағдай оларды түптеп келгенде тығырыққа әкеп тіреуі мүмкін.
Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.
Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.   
Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.   
Егер сіздің жұмыс берушіңіз зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек? Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақтылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағына алады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады. 
Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. 
Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.
2018 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,12 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.  
1991-2001 жылдар аралығында жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 8,7 есеге өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың шамамен 71 пайызын, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 24 пайызын, жұмыссыздардың 5 пайызын құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, шет мемлекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың пайыздық үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың: Австралияда – 10,3%,  Германияда – 10,8%, Канадада – 8,6%, Францияда – 9,7%, Жапонияда – 11,5%, Ұлыбританияда – 15,4%, АҚШ-та – 6,5 %-ын құрайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі мынадай мәселелерді тудырады:
- көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті);
- бейресми жұмыстардың болуы;
- табыстарды жасыру;
- өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Сондықтан ол бір министрліктің немесе бір зейнетақы қорының өкілеттігі аясында шешілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты ұсынылатын бастамалар әлеуметтік және экономикалық саладағы министрліктер мен мекемелердің жұмысында көрініс табуы тиіс. Яғни, бұл жүйелік мәселе және ол жүйелі тұрғыда шешілуі тиіс. Ең алдымен еңбекке қабілетті азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартудың тиімді мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет. Сонымен қатар, жастарды және 40 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін ескеру керек. Қазір тиісті ұсыныстар БЖЗҚ-да, депутаттық корпуста және Үкіметте әзірленіп жатыр. Бұл мәселедегі басты міндет – ынталандырушылық сипаттағы шараларды қабылдау. 
БЖЗҚ өз кезегінде зейнетақы жарналары түспейтін жеке зейнетақы шоттарын өңдеу науқанын қолға алу туралы бастама көтерді. Осылайша, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жыл барысында жарна түспеген шоттар сәйкестендірілді. Ал өңірлік желі қызметкерлері осы шоттардың иелеріне жоспарлы түрде телефон шалу жұмысын бастады. Ондағы мақсат – оларға зейнетақы шоттарына зейнетақы жарналарының түспейтіндігін хабарлау және қолданыстағы зейнетақы заңнамасы, болашақ зейнетақыны жоспарлау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар:
- әлеуметтік жұмыс орны;
- кәсіптік оқыту;
- жастар тәжірибесі;
- қоғамдық жұмыстар;
- кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;
- ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру;
- мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға бюджет тарапынан көмекқаржы бөлу.
Жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша толыққанды мәліметтерді  Қордың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» - «Жұмыссыздарға» бөлімінен оқып білуге болады.
Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.  
Сондықтан БЖЗҚ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі – тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу - заман талабы.

Мобильдік кеңсе

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.
Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және  тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.   
Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.
Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп.
Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.
«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. 
Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

Алматы, Қазақстан – Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды және заманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы. Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kz сайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатар маңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.   

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.  

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ: Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі. Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 
Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  
Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.
2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау. Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.
Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.     

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.    

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.    

  • Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?  

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды). Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

  • Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін бір жолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

  • 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?      

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.  
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.     
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз.     
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.       
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

  • Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?  

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.     
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.     Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның  www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.   
  • Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.   
Нақты айтар болсақ салымшы: 
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);  
- және логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр. Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірмені кез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауға болады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген. Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.

Мобильдік кеңсе

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.
Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және  тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.   
Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.
Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп.
Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.
«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. 
Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).             

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады.  
Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  
Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.
2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау. Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.
Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).        

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.  
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.  
Осылайша, салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:

  1. Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
  2. Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;
  3. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;
  4. Жеке деректемелерді өзгерту;
  5. Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:

  1. ЖСН және құпия сөз (пароль);
  2. Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.   
«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  
«Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша? Оларды  ел экономикасына тарту үшін істеу керек? Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.    
Қазақстанның заңнамасында «өз бетінше жұмыспен қамтылу – сыйақы мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіруден (сатудан) түсетін табысқа тікелей байланысты болатын жұмыс» деп көрсетілген. Бұл ретте меншікті тұтыну - табыстың бір бөлігі ретінде қаралады.   
Тағы бір анықтама: «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі.
Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады. Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.  
Адамдардың өз беттерінше жұмыс істеуіне әр түрлі жағдайлар себеп болады. Олар жағымды және жағымсыз сипатта болып келуі мүмкін. Жағымды себептердің ішінен өз ісінің иесі болуға, өзін бизнес саласында дамытуға, икемді жұмыс кестесі бойынша еңбек етуге деген құштарлықты атап өтуге болады. 
Ал жағымсыз себептерге жұмыссыз қалу, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмау секілді жағдайлар жатады. Қандай себеп болмасын, өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам өзінің қазіргі шағы мен болашағына, зейнет жасындағы өміріне өзі жауапты болатындығын түсінуі керек. Әрине, ертеңгі күнді ойламай, тапқан табысты бетіне қарамай бүгін жұмсай беруге де болады. Бірақ, өз уақтысында зейнетақы жарналарын төлеп, болашаққа сеніммен қарағанға не жетсін!   
Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоластындағы қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істейтін мыңдаған жұмыс берушіні анықтады. Яғни, бұл жұмыскерлер жалақыны «конвертпен» алады деген сөз. Бұл жағдай оларды түптеп келгенде тығырыққа әкеп тіреуі мүмкін.
Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.
Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.   
Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.   
Егер сіздің жұмыс берушіңіз зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек? Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақтылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағына алады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады. 
Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. 
Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.
2018 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,12 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.  
1991-2001 жылдар аралығында жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 8,7 есеге өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың шамамен 71 пайызын, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 24 пайызын, жұмыссыздардың 5 пайызын құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, шет мемлекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың пайыздық үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың: Австралияда – 10,3%,  Германияда – 10,8%, Канадада – 8,6%, Францияда – 9,7%, Жапонияда – 11,5%, Ұлыбританияда – 15,4%, АҚШ-та – 6,5 %-ын құрайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі мынадай мәселелерді тудырады:
- көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті);
- бейресми жұмыстардың болуы;
- табыстарды жасыру;
- өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Сондықтан ол бір министрліктің немесе бір зейнетақы қорының өкілеттігі аясында шешілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты ұсынылатын бастамалар әлеуметтік және экономикалық саладағы министрліктер мен мекемелердің жұмысында көрініс табуы тиіс. Яғни, бұл жүйелік мәселе және ол жүйелі тұрғыда шешілуі тиіс. Ең алдымен еңбекке қабілетті азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартудың тиімді мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет. Сонымен қатар, жастарды және 40 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін ескеру керек. Қазір тиісті ұсыныстар БЖЗҚ-да, депутаттық корпуста және Үкіметте әзірленіп жатыр. Бұл мәселедегі басты міндет – ынталандырушылық сипаттағы шараларды қабылдау. 
БЖЗҚ өз кезегінде зейнетақы жарналары түспейтін жеке зейнетақы шоттарын өңдеу науқанын қолға алу туралы бастама көтерді. Осылайша, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жыл барысында жарна түспеген шоттар сәйкестендірілді. Ал өңірлік желі қызметкерлері осы шоттардың иелеріне жоспарлы түрде телефон шалу жұмысын бастады. Ондағы мақсат – оларға зейнетақы шоттарына зейнетақы жарналарының түспейтіндігін хабарлау және қолданыстағы зейнетақы заңнамасы, болашақ зейнетақыны жоспарлау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар:
- әлеуметтік жұмыс орны;
- кәсіптік оқыту;
- жастар тәжірибесі;
- қоғамдық жұмыстар;
- кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;
- ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру;
- мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға бюджет тарапынан көмекқаржы бөлу.
Жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша толыққанды мәліметтерді  Қордың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» - «Жұмыссыздарға» бөлімінен оқып білуге болады.
Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.  
Сондықтан БЖЗҚ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі – тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу - заман талабы.

1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?  

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды). Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

2. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін бір жолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?      

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.  
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.     
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз.     
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.       
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

4Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?  

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.     
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.     Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның  www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.   
 
5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.   
Нақты айтар болсақ салымшы: 
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);  
- және логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр. Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірмені кез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауға болады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген. Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.

Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады

БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

Алматы, Қазақстан –Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kzсайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2018 жылғы «28» ақпан

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер...

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.   

Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма?

2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтініш беру рәсімі мейлінше қарапайым – ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтініш нысанының міндетті бағандарын толтырса жеткілікті. Бір ай ішінде бұл қызметті (2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.        

Бұдан басқа, әлеуетті салымшы үшінші бір тұлғаның атына сенімхат рәсімдеп, өзінің орнына БЖЗҚ кеңсесіне барып тиісті өтінішке қол қоюға қатысты оған барлық құқықты бере алады.

Айта кетелік, сенім артылған тұлға Қор кеңсесіне өтініш жасауға барғанда жеке басын куәландыратын құжатты, нотариат куәландырған сенімхат немесе сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін және салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуы қажет.

Зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануға болады?

«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы болжамдық сипатқа ие. Таяу жылдары құрметті демалысқа шығатын адамдардың алатын зейнетақы төлемдерінің сомасын дәл есептеу үшін қосымша ақпараттар қажет. Дегенмен, осы калькулятордың көмегімен болашақ зейнетақының неден құралатындығын және оның мөлшерін қалай алдын-ала жоспарлауға болатындығын түсінуге болады.      

Калькуляторды Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінен табуға болады.

Болжамды зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған нысанды толтыру қажет. Оған салымшының жынысы мен туған күнінен бөлек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы, ерікті жарналардың мөлшерлемесі, шегерімдерге дейінгі жалақы сомасы, 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі енгізіледі.  

Егер 1998 жылғы дейінгі еңбек өтілі немесе ерікті жарналар жоқ болса тиісті бағанға «0» деген санды енгізу керек.   

Зейнетақы калькуляторы арқылы жинақтаушы, ортақ, базалық және ерікті зейнетақы төлемдерін есептеуге болады. Бұл есеп белгілі бір шамалар бойынша жорамалдарға негізделген. Олар: инвестициялық табыстылық пен жалақының өсімі. Есептеу нәтижесі оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі.  

Есептеудегі «Ауыстыру коэфициенті, яғни соңғы жалақыдан зейнетақы үлесі %-бен» деп аталатын соңғы жолға баса назар аударған жөн.  

1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сәйкес ауыстыру коэффициентінің нормасы 40% болуы тиіс. Яғни, зейнетақы жұмыскердің  еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиіс.

Егер ауыстыру коэффициенті «стандарттан» немесе өзіңіз күткен зейнетақы төлемдерінен төмен болатын болса, онда зейнетақы жарналарының көлемі мен жиілігін арттыруды және ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді ойластырған абзал.

Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемдерінің зейнетақы жарналарын жинақтау өтіліне байланысты есептелетіндігі туралы естідім. Осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз.   

Бүгінде елімізде зейнеткерлердің барлығы бірдей 14 466 теңге көлемінде базалық зейнетақы төлемдерін алады. Бірақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Мұнда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты тағайындалады. Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де ескерілетін болады. 

Егер қатысу мерзімі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады, ал 35 жыл және одан көп болатын болса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады және одан асырылмайды. 

Жаңа енгізілімнің арқасында еңбек өтілі жоғары адамдар үшін базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі екі есеге дейін артуы мүмкін. Бұл зейнетақының өсуіне септігін тигізері сөзсіз.    

Осылайша, адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру көзделіп отыр. Яғни, зейнетақы жинақтарының көлемі өскен сайын, болашақта алатын зейнетақының мөлшері де арта түседі.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ, оның ресми сайты арқылы жолдауға бола ма?

2017 жылғы 30 маусымнан бастап зейнеткерлік жасқа толуға (ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас) немесе 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті БЖЗҚ веб-сайты арқылы жолдауға болады.

Жаңа сервисті зейнеткерлік жасқа толған немесе I және II таптардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімі арқылы пайдалана алады. Бұл үшін зейнетақы Қорында олардың міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болуы шарт. Одан бөлек, зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы қолданыстағы (бұған дейін Қорға ұсынылған) өтініш болмауы керек. 

Бұл операцияны жүзеге асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Одан басқа, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтінішті беру үшін Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет. Ұсынылған нысанды толтырып болған соң өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.   

«БЖЗҚ» АҚ-та тіркелген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мәртебесін Қордың ресми сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміндегі «Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің орындалуын бақылау» қызметі арқылы тексеруге болады.

Бұл қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ кілті немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен пароль керек.

Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайдың өзінде БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33 баптарына сәйкес  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде және заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.       

Одан басқа, Заңға сәйкес, салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының зейнетақы шотында қалған қаражаттың сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылып төлененді.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексінің 158, 160 және 170- баптарына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан аталмыш кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысына Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдерді ескере отырып 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері оның зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, сондай-ақ пошта байланысы немесе сенім артылған адам арқылы өтініш бере алады. 

Мұрагер өтінішке қоса мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімін ұсынуы тиіс.

Ұсыну тәсіліне қарай құжаттардың тізімі Қор сайтының «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі» - «Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері» бөлімінде қолжетімді. 

Құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады. 

Жинақтарымыздың сақталуы және табысы (10.05.2017)

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары