2012 жылғы «_____»_______№___
аудан әкімдігінің қаулысына қосымша

2009 жылғы 23 қазандағы №254
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

 

«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер 
1. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.  «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі №8.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесенің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 
13. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Сырым ауданы атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Сырым ауданы әкімі аппаратының функциялары мыналар болып саналады:
1)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3)  Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетті нығайту жөніндегі саясатын дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы мен тетіктерін айқындау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік-мәдени салаға, сыртқы экономикалық байланысқа талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды табу және оны шешуде ұсыныстар әзірлейді;
4) Заңдылық пен құқық тәртібін сақтайды, басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың конституциялық құқықтар мен міндеттерінің сақталуына бақылау жасауды, мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасауды, халықты әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
5)  Барлық деңгейде атқарушы органдардан аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін сапалы әзірлеу үшін ақпараттарды, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар жобаларын, тұжырымдамалар мен болжамдарды дер кезінде алады, мұндай құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысады;
6) Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оның басқармалар, бөлімдер, басқа да жергілікті өкілетті мекемелер мен ұйымдар тарапынан орындалуына жәрдемдеседі.
7) Аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін мәселелерді зерттейді және материалдар әзірлейді;
8) Аудан әкімдігінің мәжілістерін, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық-техникалық, құқықтық, ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;
9) Аудан әкімінің аппаратын қызмет құжаттарымен қамтамасыз етеді, қызметтік құжаттарды, хаттар мен арыздарды қарайды, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, құжаттама айналымын талдайды, іс-қағаздарды жүргізуді жетілдіреді, мемлекеттік, орыс және басқа тілдердің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
10) Бұқаралық ақпарат құралдарына аудан әкімінің қызметін жариялайды, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты ұйымдастырады, Президент және Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді;
11) Аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізіміне енетін кадрлардың қозғалысына, сапалық құрамына талдау жүргізеді;
12) Аппараттың бөлімдері осы ережеге, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен бөлімдер құрылымдық бөлімшелері туралы ережеге сәйкес негізде әрекет етеді;
13) Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты дамыту және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
14) Ауданның аймақаралық сыртқы экономикалық байланысын кеңейту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді, мұндай байланыстарды практикалық тұрғыдан іске асыру үшін шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) Жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;
2) Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар, басқа да материалды, аудан әкімі аппаратының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратып алады;
3) Мемлекеттік органдар қарамағында бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;
4) Аудан әкімі жүргізетін кеңестерге қатысты жинақтауда мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат-хабар алмасады;
5) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуына тексеру жүргізеді, тиісті ақпараттар алады, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;
6) Аудан әкімдігінің мәжілістеріне, сондай-ақ басқармалардың, комитеттердің, ауылдық округ әкімдерінің мәжілістеріне қатысады;
7) Аудан әкімінің және әкім орынбасарларының тапсырмасы бойынша басқармалар, комитеттер, бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппаратының қызметкерлерін әкім аппаратының құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге қатысуға тартады;
8) Аудан әкіміне ведомстволық бағыныстағы басқармалардың, бөлімдердің басшыларын қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) Аудан әкімі аппараты мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімде белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 
16. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
18. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының өкілеттігі:
1)    Аудан әкімдігінің бекітіуіне аппарат туралы ережені ұсынады;
2) Аудан әкіміне аппараттың штаттық кестесі және аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемақы туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Жалпы басшылықты және бөлімдер мен аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіріп отыруды жүзеге асырады;
4)   Аппараттың ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді;
5) Аппараттың шығыстар сметасын бекітеді және бекітілген смета шегінде ақша қаражатына иелік етеді;
6)  Аппарат бойынша нұсқаулықты бекітеді және бұйрықтар шығарады;
7) Аудан әкімдігінің мәжілісін өткізу кезінде ұйымдастыру, құқықтық, консультативтік, материалдық-техникалық әзірлікті қамтамасыз етеді;
8) Аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларына, аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларына бұрыштама қояды;
9) Аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларына, аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын әзірлеу кезінде туындаған келіспеушіліктерді жою үшін кеңес ұйымдастырады;
10) Аудан әкімінің қол қоюына шешімдердің және өкімдердің жобаларын ұсынады;
11) Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, облыстық комитеттер, басқармалармен жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен және халықпен өзара байланысты ұйымдастырады;
12) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, кеңес хаттамаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды, оның орындалуы барысы туралы аудан әкіміне жүйелі түрде хабарлап отырады;
13) Аудан әкіміне аудан әкімі аппаратының және жергілікті атқарушы органдарының қызметін бағалау және олардың құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) аудан әкімінің аппараты мен дербес бөлімдерде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалуын бақылайды;
15) Қазіргі заңдарға сәйкес кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, аудан әкімінің қарауына бөлімдердің басшылары мен жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындау және босату туралы, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді;
16) Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің Ережелерін, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
17) Аудан әкімі аппаратының құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
18) Басшылық жүктеген басқада қызметтер орындайды.
19. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысының құқығы:
1) Аудан әкімдігінің қарауына ұсынылатын мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде басқармаларға, бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне нұсқаулар береді;
2) Аудан әкімдігінің қаулысын әзірлеу үшін бөлімдердің, басқармалардың, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады;
3) Бөлімдерден, басқармалардан, ұйымдардан, ауылдық  округ әкімдері аппараттарынан Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларының, кеңес хаттамаларының орындалуы туралы қажетті материалдарды, ақпараттарды сұратады және оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;
4) Аудан әкімі мен аудан әкімінің аппараты қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымдармен шарттар жасасады;

4. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету 
20. Аудан әкімінің аппаратына жүктелген міндеттерді орындау үшін оның құрамында бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелері құрылады;
21. Аппараттың бөлімдері және құрылымдық бөлімшелері осы Ережеге, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен құрылымдық бөлімшелері туралы ережеге сәйкес негізде әрекет етеді;
Өзінің құзыретіне сәйкес немесе аудан әкімінің аппараты басшысының таспсырмасы бойынша аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобларын әзірлеуге бөлімдердің мамандары жауапты болады.
22. Бөлімдердің меңгерушілері және басқа да құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері олардың бөлімдері мен бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, кеңес хаттамаларының, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының дер кезінде және толық орындалуы үшін жауап береді, қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныстар енгізеді, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сонымен бірге аппараттағы күші бар нұсқаулықтарға сәйкес іс-қағаздарының жүргізілуіне жауап береді.
23. Жауапты қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мыналарға құқығы бар:
1) Аудан әкімдігінің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
2)  Жергілікті атқарушы органдар аппараты қызметкерлерін, ұйымдар мен мекемелер өкілдерін аппарат қызметі аясында туындаған мәселелерді қарауға қатысуға тартады, олардан заңдардың, жарлықтардың және үкіметтің қаулыларының орындалуы жөнінде қажетті ақпараттар, ұсыныстар мен тұжырымдамалар сұратады;
3) Қойылған талаптарға жауап бермейтін нормативтік құжаттар жобаларын жетілдіруге кері қайтару туралы басшылыққа белгіленген тәртіпте ұсыныс жасайды;
4) Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша аудан әкімі аппараты құзыреті шегінде басқа да қажетті өкілдікті жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органның мүлкі 
24. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.