Сырым ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің

2018 жылдың IV тоқсандық есебіне ілеспе хат

Мемлекеттік қызметшілердің жасына-жынысына қарай есеп;

Аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер 116 болса, аудан әкімі апаратында - 16, дербес бөлімдерде - 43 және ауылдық округ әкімі аппараттарында - 57 мемлекеттік қызметші қаралған.  

Жалпы аудан бойынша барлығы 116 мемлекеттік қызметші (оның ішінде 1 «А» корпусы және 115 «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері). Ал маслихат аппаратында 1 аппарат басшысы және 4 бас маман. Мәслихат аппаратын қосқанда – барлығы 121 мемлекеттік қызметші.

 Сырым ауданы әкімі аппаратының орташа жасы 39,2, аудандық дербес бөлімдерінің орташа жасы 39,2 болса, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлерінің орташа жасы 49,2 құрап отыр. 2018 жылдың 24 желтоқсанына бос лауазым саны – 5, соның ішінде 3 орын уақытша.

Білімдері туралы есеп;

Нақты жұмыстанып жатқан 111 мемлекеттік қызметшілерінің  99 жоғары  білімділер: 36 – экономика және бизнес, 11 – білім, гуманитарлық ғылымдар - 1, 14 – ауыл шаруашылығы, 10 – құқық, 1 - қызметтер, 3 - әлеуметтік сала,                               9 – техникалық сала мамандықтары, 15 - ветеринария, табиғи ғылымдар - 1, ал 12 - адамның білімдері арнаулы орта. Осылардың ішінде 3 магистр және 8 адам екі жоғарғы білімдері бар.

Ұлттық құрамдары;

Аудандағы 111  әкімшілік қызметшілердің ұлты – қазақ. 

Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы;

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің жалпы мемлекеттік қызметтегі өтілдері 10 жыл 5 айды құраса, ал қазіргі уақытта атқарып отырған лауазымдарындағы орташа еңбек өтілдері 3 жыл.

Аудандағы дербес бөлімдердегі мемлекеттік қызметшілерінің жалпы мемлекеттік қызметтегі өтілдері 10 жыл 5 ай  құраса, ал қазіргі уақытта атқарып отырған лауазымдарындағы орташа еңбек өтілдері 3 жыл 1 ай.

Ал ауылдық округтегі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы келесідей, жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдері 9 жыл 7 ай, ал атқарып отырған лауазымдағы еңбек өтілдері 5 жыл 7 айды құрап отыр.

Қайта тағайындалғандар және кадр ауысуы туралы есеп;

Жыл басынан бері таза кадр ауысуы 6 адам. Конкурс арқылы 23 адам жұмысқа алынды.

2018 жылдың басынан бері 28 адам біліктілігін арттырды, 13 адам қайта даярлау курсынан өтті.