Төреғалиев Төлеген Серіққалиұлы 1960 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Орынбор ауылшаруашылық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Бұлдырты совхозының №2 бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылдары - Жосалы совхозында еңбек жөніндегі экономист болып жасаған.
1984-1985 жылдары - Жосалы совхозының №3 бөлімшесінде зоотехник болды.
1985-1986 жылдары - Бұлдырты совхозының №2 бөлімшесінде зоотехник болды.
1986-1987 жылдары - Жосалы совхозының бас экономисті.
1987-1994 жылдары - Жымпиты ауданы, Жосалы совхозында бас зоотехнигі қызметін атқарды.
1994-2006 жылдары - Сырым ауданы, «Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі.
2007 жылдың қаңтар айынан сәуірге дейін Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округінің әкімі болды.
2007 жылғы 30 сәуірінен 2017 жылдың 4 шілдесіне дейін аудан әкімінің агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлікті дамыту және құрылыс жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың 4 шілдесінен бастап - Сырым ауданының әкімі.


Сырым ауданы әкімінің орынбасары - Ахметов Ерболат Әжмұханбетұлы

рисунок

Ахметов Ерболат Әжмұханбетұлы 1966 жылы 1 желтоқсанда Орал облысы Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Қазталов ауданы Әжібай қой совхозында аға мал дәрігері болып бастаған. 

1999-2000 жылдары Қазталов ауданы «Жаңа тұрмыс» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары,
2000-2003 жылдары Қазталов ауданының Мирон ауылдық округінің әкімі,
2003-2005 жылдары ҚР АШМ Қазталов аудандық аумақтық басқармасының мал дәрігерлік инспекторы,
2005-2006 жылдары «Батыс Зооветснаб Сервис» ЖШС мал дәрігері,
2006-2007 жылдары «Ақжайық энергосауда» ЖШС абоненттік бөлімшенің шебері,
2007-2008 жылдары «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ электр энергияны қадағалау және есебін жүргізу департаментінің шебері, шеберлік бөлімшенің бастығы,
2008-2010 жылдары Орал қаласындағы «ГНРМАШ» ЖШС директорының орынбасары,
2010-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,
2015 жылдың ақпан-қыркүйек айларында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының тамақ қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы,
2015 жылдың қыркүйек айынан бері Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып жасаған. 
2017 жылдың 24 қазанынан бастап Сырым ауданы әкімінің орынбасары.


Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы -  Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы

SarsenovСарсенов Ерлан Жолдыбайұлы 1972 жылы 12 қазанда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2005 жылы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік унитверситетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1989 жылы БҚО Жымпиты ауданы «Қызыл ту» колхозының жұмысшысы болып бастаған.

1990-1997 жылдары «Эдельвейс» жастар ұйымының жетекшісі, Бұлдырты совхозының жұмысшылар кооперативінің дайындаушысы, аудандық дайындау конторының қойма меңгерушісі, Орал қаласындағы «Гүлден» сыртқы сауда фирмасының коммерциялық агенті, БҚО казагроөнеркәсіпбанк қызметкері болып әртүрлі жұмыстарды атқарған.

1997-2007 жылдары аудандық әскери комиссариатының нұсқаушысы, №3 бөлімше бастығы және осы бөлімше бастығының аға көмекшісі болып жұмыс жасаған.

2007-2009 жылдары Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2009-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

Сырым ауданы әкімінің 2012 жылғы 7 маусымындағы №103- өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы.