Алғабас ауылдық округінің әкімі - Хасанов  Меирбек Мәлікұлы

Хасанов Меирбек Мәлікұлы 1985 жылы қазіргі  Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1991-2002 жылдары орта мектепте білім алған;
2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетіне түсіп, 2006 жылы «Тарих, құқық негіздері және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2007-2012 жылдары әр түрлі жұмыстарда;
2013 жылы Сырым аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
2014 жылдан бастап аудан әкімі аппаратының бас маманы, жалпы бөлім басшысы қызметтерін атқарды;
2017 жылдың  тамыз айынан бастап – Алғабас ауылдық округінің әкімі лауазымына  уақытша тағайындалды.
Азаматтарды қабылдау кестесі: Әр аптаның - сәрсенбі күні
Қабылдау уақыты: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін
Мекен жайы: БҚО Сырым ауданы, Алғабас ауылы, С.Датұлы көшесі, №1
Электронды адрес:  akim_algabas@mail.ru
Телефондар: 51-036, 51-333

№ 343 аудан әкімдігінің қаулысымен
2014 жылдың 10 қазанында бекітілді.

«Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдерімен, өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090901, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы, С.Датов көшесі,1
10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі», орыс тілінде – «Государственное учреждение «Аппарат акима Алгабасского сельского округа»».
11. Осы Ереже «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 2-21 қаулысымен құрылды.
«Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырым ауданы әкiмдігі болып табылады.
12.  Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

14. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық - талдау, консультативтік және материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) Президенттің Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жөніндегі саясатын дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы мен тетіктерін айқындау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік мәдени салаға талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасау, халықты әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу;
4) заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкiмдiктерiнiң және әкiмдерiнiң, ауылдық округі әкімінің актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округі әкімінің қызметін жариялайды, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді.
16. Функциялары:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімінің мына өкілеттіктерін жүзеге асырады:

  1. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
             3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
  4. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  5. жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
  6. ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  7. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  8. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  9. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
  11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарєа үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  12. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
  13. мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
  14. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
  15. дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
  16. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
  17. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
  18. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
  19. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
  20. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  21. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  22. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  23. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  24. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
  25. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
  26. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  27. елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
  28. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  29.  туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  30. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
  31. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді,  сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  32. мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
  33. тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  34. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  35. басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
  36. берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
  37. берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
  38. берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
  39. жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
  40. басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
  41. берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
  42. кіріс көздерін қалыптастырады;
  43. бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
  44.  бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
  45.  жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
  46. мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

48) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;
49) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастырады;
50) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
51) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
52) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;
53) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысады;
54) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдеседі;
55) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) береді;
56) ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысады;
57) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтайды;
58) ауылдық елдi мекендердi абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
59) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді;
60) облыс әкімдігіне облыстың даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
61) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
1) Құқықтары:
Мемлекеттік орган өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыры шегінде:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан   қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен ауылдық әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға құқылы;

  1. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алғабас ауылдық округ әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
19. Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады және Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.      
20. Ауылдық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылымы мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және
қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) аудан әкімдігінің бекітуіне ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ережені ұсынады;
3) «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және белгіленген смета шегіндегі ақша қаражатына иелік етеді;
4) «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымдармен шарттар жасайды;
5) мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
7) «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін және нұсқаулықтарын бекітеді;
8) өз құзырының шегінде шешімдер, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
9) «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін тікелей міндетті және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктеген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
«Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Ауылдық округ әкімі өз орынбасарларының, егер қарастырылған болса, өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның басшысы реттеп отырады.

4. Мемлекеттік органның жұмыс режимі

24. Мемлекеттік органның жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Мемлекеттік мекеме басшысы мен еңбек ұжымы  арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесімен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынасы

28. Мемлекеттік органды жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
29. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органға мүлікті бекітеді;
2) мемлекеттік органды ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
3) мемлекеттік органға берілген мүлікті тиімді пайдалану мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.