Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы – Мұхамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы                                   
            

Мұхамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы  1982 жылы Орал облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Евразия академиясын  «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
10.2008 – Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы;
04.2010 – Сырым аудандық  халыққа қызмет көрсету орталығының консультанты;
10.2010 - Аудандық әділет басқармасының жетекші маманы;
08.2012 – Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
07.2013 – Сырым ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/ бөлімінің басшысы.
06.2016 – Аралтөбе  ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

 

Азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр аптаның сейсенбі күні
Қабылдау уақыты: сағат 9.00 ден 12.00-ге дейін
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылы, М.Ықсанов көшесі, №20
Электронды адрес: taldybulakokrug@mail.ru
Телефон: 52-158, 52-157

 

2014 жылғы 3 қазандағы
№321 аудан әкімдігінің
қаулысына қосымша

2005 жылғы 27 қаңтардағы
№2-20 аудан әкімиятының
қаулысымен бекітілген

 

«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

         1. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3.«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемілекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ  Қазақстан          Республикасынының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.  
5. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынасытарға өз атынан түседі.
6. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдерімен, өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.     8. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіліеді.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:  090910, Қазақстан Республикасы,  Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылы, М.Ықсанов  көшесі, 20.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде- «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі», орыс тілінде- «Государственное учреждение «Аппарат акима Талдыбулакского сельского округа»».
11. Осы Ереже «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесенің құрылтай құжаты болып табылады.
«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 2-20 қаулысымен құрылды.
«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырым ауданы әкімдігі болып табылады.
12. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен  жүзеге асырылады.
13. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты»  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін  қызметті  жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне  жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

         14. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық- талдау, консультативтік және материялдық- техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1)  «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентінің сақталуына қамтамасыз ету;
2)  Президенттің Қазақстанның мемлекеттігін  нығайту жөніндегі  саясатын  дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны  іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы   мен тетіктерін айқындау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік мәдени салаға талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) мемлекеттік еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасау, халықты әлеуметтік жыне құқықтық жағынан  қорғаудың  тиімді тетіктерін әзірлеу;
4) заң актілерінің,  Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің  және әкімдерінің, ауылдық округі әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округі әкімінің  қызметін жариялайды, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған  ішкі және сыртқы  саясатты тусіндіреді.
16. Функциялары:
ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімінің мына актілерін жузеге асырады:
1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетін басқада төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі  үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  талқылауына  жергілікті маңызы бар мәселелерді  Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына  сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды  шығарады;
5) азаматтар  мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Қазақстан  Республикасының  Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
6)  жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
7)  ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз етеді;
8)  шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
9)  өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының  орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10)  әділет органдары жоқ жерлерде  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық  хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
11)  тарихи және мәдени жоқ мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12)  табысы аз адамдарды  анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді,жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға  үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) қылмыстық-атқару  инспекциясы  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
19) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
20)  ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
21)  жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;
22)  қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
23)  шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
24)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
25)  шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
26) жергілікті бюджетті бетіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
27) республикалық маңызы бар қалада, астанада, обылыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
28)  елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
29) елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру,көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
30)  туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
31)  кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
32)  аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді,  сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
33) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
34) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
35) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
36)басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
37)берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің)міндетті көлемдерін айқындайды;
38)берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
39) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
40)жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
41)басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
42) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
43) кіріс көздерін қалыптастырады;
44)бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
45)бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
46)жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
47) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
48)елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;
49)елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастырады;
50)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
51)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
52)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайларемн қамтамасыз етеді;
53)Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады;
54)ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
55)агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) береді;
56)ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;
57)микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтайды;
58)ауылдық елді мекендерді абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
59) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді;
60)облыс әкімдігіне облыстың даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
61)Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
17. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
1)Құқықтары:
мемлекеттік орган өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыры шегінде:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және мазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдар мен ауылдық әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға құқылы;
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
19.Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады және Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
20. Ауылдық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылымы мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1)тиісті әкімшілік –аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2)аудан әкімдігінің бекітуіне ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ережені ұсынады;
3) «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және белгіленген смета шегіндегі ақша қаражатына иелік етеді;
4) «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымдармен шарттар жасайды;
5) Мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
7) «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін және нұсқаулықтарын бекітеді;
8) өз құзырының шегінде шешімдер, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
9)  «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін тікелей міндетті және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктеген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Ауылдық  округ әкімі өз орынбасарларының, егер қарастырылған болса, өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Осы ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның басшысы реттеп отырады.

4. Мемлекеттік органның жұмыс режимі

         24. Мемлекеттік органның жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Мемлекеттік мекеме басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік органның мүлкі

         25. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

6. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесімен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас

28. Мемлекеттік органды жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
29. Уәкілетті орган заңдарында белгіленген тәртіппен:
1)мемлекеттік органға мүлікті бекітеді;
2)мемлекеттік органды ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
3)мемлекеттік органға берілген мүлікті тиімді пайдалану мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

         30. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.