Бөлім басшысы - Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы

рисунок

Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы  1961 жылы 12 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қоңыр селосында дүниеге келген.
1979-1984 жылдар аралығында Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында оқып, «зооинженер» мамандығын меңгерген.
1984-1987 жылдары Жосалы совхозы №2 фермасында зоотехник, 1987 жылдан 1989 жылға дейін осы шаруашылықтың №3фермасында меңгеруші болып жұмыс жасады.
1989-1991 жылдары Жымпиты аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1991-1992 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі қызметтерін атқарған.
1992-2003 жылдар аралығында аудандық статистика бөлімінің бастығы болып жасаған.
2003-2010 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
2010 жылдан бастап Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.
2014 жылдың 1 тамызында Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы
2015 жылдың 12 маусымынан Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Отбасылы, 2 бала, 1 қызы бар.

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр сәрсенбі күні: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №15
Электронды адрес: sirim_rosh@mail.ru

Аудан әкiмдiгiнiң
2016 жылғы _____ қарашадағы №____
қаулысымен бекiтiлдi

 

«Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереже.
3. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 15.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

13. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Сырым ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
«Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі  міндеті ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн  заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
8) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;
13) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар алуға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзіретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.