Бөлім  басшысы -  Шалабаев  Муса  Кеңесұлы 

Шалабаев  Муса  Кеңесұлы   1974  жылы  16 қаңтарда Батыс Қазақстан  облысы Сырым  ауданы,  Жымпиты ауылында  дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы экономист-менеджер.

1995  жылы Батыс Қазақстан  ауылшаруашылық институтын  бітірген. Еңбек  жолын 1996 жылы Сырым аудандық қаржы бөлімінде бюджет жөніндегі экономист болып бастаған.

1996-2000 жылдары Сырым аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі аға маман, бас маман, 2000-2002 жылдары Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің бас есепші болып қызмет атқарған.

2002 жылдың тамыз-қараша айларында Сырым аудандық еңбек, жұмыспен  қамту  және  халықты әлеуметтік қорғау  бөлімі  меңгерушісінің орынбасары,  2002-2007 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының    орынбасары болып жұмыс жасаған.

2008 жылдан -2012 жылдың 13 сәуірге дейін Сырым  ауданы  бойынша салық басқармасының бастығы.

2012 жылдың 13 сәуірден - 17 тамызына дейін  Елтай ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келген.

Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар.

Мекен жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауданы, Казақстан көш. № 8

тел: 8 711 34 31 127, 8 711 34 31 170

 Азаматтарды қабылдау күні -  сейсенбі және бейсенбі күндері,

 сағ.10.00 ден 12.00-ге дейін.

Электронды адрес: sirim_econom@mail.ru 

«Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаты:

- мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына  мүмкіндік   жасайтын   мемлекеттік  жоспарлау  жүйесіндегі   жергілікті  атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

-   тікелей   және   түпкілікті   нәтижелерге   қол   жеткізуге   бағытталған   бюджетті   атқаруды қамтамасыз ету және аудандық коммуналдық меншігін тиімді басқару.

Негізгі мақсаттары:

- жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты салық және аудан аумағындағы қаржылық - несиелік саясатпен байланыстыра құруын жүзеге асыру.

-жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін, ақша ресурстарын басқаруды бағалауды және бюджетті бағдарламалау әдістерін енгізу және жетілдіру

- аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру

-ауданның әлеуметтік - экономикалық даму басымдықтары мен стратегиялық мақсаттарын орта мерзімді кезеңге анықтау;

- коммуналдық меншік   басқару  саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету;

коммуналдық меншік басқару саласында салааралық үйлестіру және методологиялық басшылық;

-шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе  мемлекеттік коммуналдық жедел басқару кәсіпорындардағы мүліктерді тиімді пайдалануды бақылау;

-заңмен белгіленген басқада құқықтарды жүзеге асару;

15. Функциялары:

-ауданның қаржысын басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаты мен бағыттарын айқындауға қатысады;

-жергілікті бюджеттің қаражатын пайдалануына талдау жасайды;

-жергілікті бюджеттердің  орындалуына методологиялық басшылық жасайды;

-өзінің құзыры шегінде жергілікті бюджеттерді құрастыру және орындау, бюджеттердің басқа деңгейлерімен өзара қатынастарды реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- аудан аумағында мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастырады;

-ай сайын жоғары тұрған органға , жергілікті атқару органдарына бюджеттің орындалуы туралы есепті белгіленген тәртіппен тапсырып отырады, қаржылық статистикалық есептерді толтырады;

-жергілікті атқару органдары резерві қаражатының жұмсалуын жоспарлау, есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асырады;

- жоғары тұрған органға мемлекеттік сатып алуы туралы есептерді жасақтап жинақтау;

- жоғары тұрған  органға коммуналдық меншік туралы есептерді жасақтап жинақтау;

- мемлекеттік органдардан, басқа  ұйымдар мен жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа аумақтық органдардан жүктелген қызметтерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрату;

- аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

-«мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы, тендерлер өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

- аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу  құқығымен немесе  кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

- коммуналдық меншікті пайдалану және қорғау бойынша шараларды бақылауды жүзеге асыру;

- аудандық коммуналдық мүлік  объектілерінің  тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органынан алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;

-аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

-аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға  беру туралы шешімдер қабылдайды;

- «мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-тарауында белгіленген жағдайлар мен талаптарда реквизицияланған мүлікке ақшалай өтем төлейді;

- коммуналдық меншікке айналдырған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекеттік мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

-  аудандық коммуналдық меншіктің сенімгерлік басқарманың шарты бойынша сенімгерлік басқармасының міндеттемелерінің орындалуының бақылауын жүзеге асырады;

- ауданның коммуналдық мүлікті жекешелендіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарта отырып жекешелендіру объектісінің бағасын қамтамасыз етуді, сатып алу-сату шарттарының қорытындылары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

-белгіленген заңнамалар тәртібін коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдалануын қадағалап және жинақтап есебін жүргізуді жүзеге асыру қажетті жағдайда кеңесшілерді, аудиторларды және тәуелсіз сарапшыларды қатыстырады;

- коммуналдық меншіктер мәселесіне қатысты мемлекеттік мүддесін және мүліктік құқығын қорғайды;

- экономикалық саясатпен үйлестіре отырып өңірлерді дамыту деңгейін қалыптастыру және іске асырады;

-ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді;

- ауданның аумақтық даму бағдарламасын әзірлейді;

-ауданның экономикалық көрсеткіштерін тұрақтандыру, салааралық үйлестіру, әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін өткізеді;;

-аудан аумақтық бағдарламаларының  мониторингін жүзеге асыру

- үш жылдық мерзімге аудан бюджетінің негізгі параметрлерін, келер қаржылық жылға аудан бюджетінің жобасын, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын әзірлеу;

- ауданның салық комитетімен бірлесіп жергілікті бюджетке түсетін кірістерді болжамдау;

- ауданның жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу

-  аудандық бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік органдардың штаттық кестелері мен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелеріне сараптама жасау;

- аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы  органның қызметінің тиімділігін бағалау;

-заңмен белгіленген басқада құқықтарды жүзеге асыру

2) ведомство функциялары : жоқ

16. Құқықтары мен міндеттері:

-  тапсырмалар мен міндеттерді орындау мақсатында өз құзыреті шегінде  мемлекеттік меншіктегі мүліктерді пайдалануға;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

 

Аудан бюджеті

Аудан бюджеті іс жүзінде бюджеттік әкімшілігінің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің әлдеқайда ұлғаюымен сипатталады.

2012 жылы кірістер бойынша аудан бюджетінің көлемі 2475,1 млн теңгені құрады, яғни 2010 жылғы аудан бюджетінен 2,4 % артық.

Ресми трансферттер түсімі 2010  жылға қарағанда 2012 жылы 2,1%, оның ішінде нысаналы трансферттер - 3,5 % кем, субвенциялар - 22,8 пайызға өсіп отыр. Ресми трансферттердің жалпы бюджеттің  кірісіндегі үлесі 2012 жылы 85,75% (2010 жылы - 91%),  өзіндік кірістердің үлесі - 12,3% (2010 жылы - 7,5%) құрады.

2010-2012 жылдары өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2010 жылға қарағанда 2012 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 156,3% құрады.

2010 жылы аудандық бюджет 178,3 млн. теңгеге белгіленіп, 190,5 млн. теңгеге немесе 106,8 пайызға орындалып отыр, 2011 жылға 202,2 млн. теңгеге жоспарланып, 221,2 млн. теңгеге немесе 109,4 пайызға орындалып отыр және 2012 жылы 227,0 млн. теңгеге жоспарланған болса, орындалуы 297,5 млн. теңгеге болды немесе  орындалуы  131,0 пайызды құрап отыр.

Жоғарыдағыны айта келе жылдан жылға жергілікті бюджетімізге түсетін салықтық және салықтық емес төлемдері артып келеді. Осыған себеп болып отырған Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылатын бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің қызметкерлеріне еңбек ақының өсуі, осыған байланысты табыс көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар бойынша түсімдердің өсуі, сонымен қатар аудан қорынан уақытша жер телімін жалға алғаны үшін 105315 сыныптамасы бойынша Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. Қазақстан филиалы, "МГҚК ҚазҚұрылысСервис" Акционерлік қоғамының Павлодар филиалы, "KazTransCom" акционерлік коғамының Оралдық филиалы және т.б. мекемелерден жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыларымен бюджетіміз толығуда.

Осы жергілікті бюджетімізді орындау мақсатында бүгінгі күнге аудан әкімімен бекітілген іс-шараға сәйкес келесі жұмыстар атқарылуда, яғни көлік құралы салығына салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және көліктер мен олардың иелері туралы деректер қорының өзекті болуы үшін автокөлік құралдары, тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне түгендеу жүргізу барысында аудан бойынша 1288 тұлғаға 2009-2010-2011 жылдар аралығында көлік құралдары бойынша салықтарын бюджетке уақтылы 19,6 млн.теңге төлемегені анықталып, 13,4 млн.теңгеге 1079  салық төлеушіге хабарлама шығарылды. Осы хабарламаға сәйкес бүгінгі күнге 246 салық төлеушілермен барлығы 2,9 млн.теңге жергілікті бюджетке өндірілді.

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу аясында бюджеттен ақшалай қаражаттар алған салық төлушілер мен  басқа  да  салық төлеушілер санатынан,  декларацияда кірістердің көлемін кемітіп көрсеткен және жалдамалы жұмысшыларға айналымы бола тұра еңбекақы есептемейтін салық төлеушілерді анықтау барысында аудан көлемінде 26 салық төлеуші бойынша кемшіліктер анықталды. Соның 16 салық төлеушіге 151,6 млн.теңге жасалған жұмыс көлеміне хабарламалар қойылды. Осы атқарылған жұмыстар бойынша қосымша есептелінген салықтар 2860,6 мың.теңге бюджетке толықтай өндірілді. Соның ішінде аудандық бюджетке 1051,3 мың.теңге түсіп отыр.

Коммуналдық меншіктегі объектілерді  сенімді басқаруға, жалға алынған үй-жайлар  бойынша  жасалынған шарттар жөнінде берілген мәліметтер бойынша зерделеу кезінде келесі анықталды, яғни Жымпиты ауылдық округ әкімшілігінің балансындағы 63 мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйлерде бүгінгі күнге тұрып жатырған жеке тұлғарлармен пәтерді жалға алғаны үшін бюджетке төленетін алымдар аударылуда.

Сонымен қатар қосымша резервтерді табу мақсатында аудан көлемінде шаруашылық жүргізуге және тұрғын үй салу мақсатында жер телімін алған және жеке тұрғын үй құрылысын және жаңадан қолданысқа еңгізген өндірістік және іске қосылған өндірістік емес объектілері бар заңды және жеке тұлғаларға қарсы бүгінгі күнге аудан ішінде құрылған комиссиямен бірігіп түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Салық төлеушілермен табыс етілген және уақытында табыс етілмеген салықтық декларациялары мен дербес есеп шоттарына камералдық бақылау жүргізген кезде қосымша бюджетке жеке табыс салығы 101201 коды бойынша барлығы 759,6 мың.теңге, әлеуметтік салық 103101 коды бойынша барлығы 606,1 мың.теңге, заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығы 104101 коды бойынша барлығы 781,6 мың.теңге, қоршаған ортаны ластағаны үшін 105316 коды бойынша барлығы 450,9 мың.теңге есептелініп, жергілікті бюджетке толықтай өндірілді.

Соңғы үш жылдың ішінде аудан бюджетінің шығыстары  102,9% өсті және 2462,3 млн теңгені құрады.

Талдау кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Аудан бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 78,6% құрайды, 2010 жылға қарағанда 2012 жылы қаржыландыру көлемі 14,7%  ұлғайды.

 

Ауданның бюджеттік саясаты барлық міндеттемелерді, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды  толық және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын  тиімді  және мақсатты  жұмсауға бағытталған.