2010 жылы 24  желтоқсан күні аудан әкімінің №477 қаулысына сәйкес «Сырым аудандық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Сырым аудандық дене шынықтыру және  спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылып, «Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

 

Бөлім басшысы - Нұрпейсов Салауат Жолайұлы

рисунокНұрпейсов Салауат Жолайұлы 1976 жылдың 18 қазанында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін агрохимия - топырақтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округіне қарасты «Анда» шаруа қожалығының агрономы болып бастаған.

2001-2007 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, аудан әкімінің көмекшісі - бас инспектор болып жұмыстар атқарған.

2007-2010 жылдары Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2010-2013 жылдары Бұлан, Бұлдырты ауылдық округтерінің әкімі.

2013-2014 жылдары «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Аудан әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №199 өкімімен Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 

Негізгі жұмысының бағыты:

1) мәдениет, тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын және сәйкестік заңнамаларын жүзеге асыру жөнінде жұмыстарын үйлестіру; 

2) спорт саласында мемлекеттік тұрғыдан аймақтық дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастырумен спорт жүйесін жетілдіру;

3) мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар арасында жергілікті жерден кәмелетке толмағандар арасында мәдениет, спорт тіл жөнінде шаралар өткізу;

4) мәдениет саласында мемлекеттік  саясатты іске асыру,  ұлттық мәдени салт-дәстүрлерін жандандыру, сақтау және дамыту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, қалпында ұстау;

5) аймақтағы мәдениет, спорт мекемелерінің инфрақұрылымдық дамыту;                               

Қазіргі уақытта бөлімде 4 адам мемлекеттік қызметші (с.і. 1 басшы), және 3 адам келісім шарт негізінде еңбек етеді. Бөлімге қарасты мекемелер құрылымдары бар: «Қайсар спорт клубы» МКҚК, аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ.

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

« Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынандай қызметтерді жүзеге асырады:

1) мәдениет, тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын және сәйкестік заңнамаларын жүзеге асыру жөнінде жұмыстарын үйлестіру;

2) спорт саласында мемлекеттік тұрғыдан аймақтық дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастырумен спорт жүйесін жетілдіру;

3) мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар арасында жергілікті жерден кәмелетке толмағандар арасында мәдениет, спорт тіл жөнінде шаралар өткізу;

4) мәдениет саласында мемлекеттік  саясатты іске асыру,  ұлттық мәдени салт-дәстүрлерін жандандыру, сақтау және дамыту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, қалпында ұстау;

5) аймақтағы мәдениет, спорт мекемелерінің инфрақұрылымдық дамыту;

Функциялары:

1) мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша аудандық уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету;

2) мәдениет, спорт көпшілік шараларды өтуін қамтамасыз ету;

3) мәдениет, спорт, тілдерді дамыту мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындау және қатысу;

4) белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттік органдармен лауазымды адамдардан басқа ұйымдармен азаматтардан өзінің функцияларын атқаруға қажетті ақпараттар сұрату, бөлім құзіретіне жататын мәселелер дайындау барысында мемлекеттік органдармен басқада ұйымдар қызметкерлерін тартуға, кейбір мәселелелерді шешу барысында уақытша жұмыс тобын құру;

5) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары құрылымындағы кәсіпорындармен мекемелердің ұйымдастырумен жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар жасау, бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқада материалдарды  даярлауды жүзеге асыру;

6) мемлекеттік мекеменің іс-қимыл қызметі өрісіне жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тапсырмалар беру және он орындалуын бақылау онымен қатар жергіікті атқарушы органадр өткізілетін шараларға қатысу;

7) жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдаламаларды қаржыландыру жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырған басқада функцияларды атқарады;

 

Құқықтары мен міндеттері:

1) Ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс аудан әкімдерінің, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт басқармаларының актілері мен тапсырмаларын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жұмыстарына бақылау жасау;

2) Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын халық арасында түсіндіру және насихаттау;

3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтру және спорт салаларында уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

4) мәдениет, тіл, спорт салаларының қызметін жүзеге асыру кезінде заңды және жеке тұлғалармен белгіленген ережелері, нормативтерді бұзған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға;

5) белгіленген тәртіппен комиссиялар құру туралы ұсынысты шығару;

6) уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аумақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы;