Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2005 жылдың қаңтар айында құрылды.

Негізгі жұмысының бағыты - ҚР халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстарды аудан көлемінде жүзеге асыру.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері: жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасы» бағдарламасын ұйымдастыру, жұмыссыз адамдарды оқыту.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді төлеу.

Мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау: І топ мүгедектерін жеке көмекші қызметімен қамту, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен және кресло-арбалармен қамту. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек ұсыну. Мүгедек балаларды үйден оқытуға және тәрбиелеуге мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету. Мүгедектермен ардагерлерді санаторлық курорттық жолдамамен қамту.

Қазіргі уақытта бөлімде 6 адам мемлекеттік қызметші, 31 адам азаматтық  қызметші және 22 адам келісім шарт негізінде еңбек етеді.

 

Бөлім басшысы - Баяндыков Арман Толқынұлы

рисунокАудан әкімінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №1-ө өкімімен Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне Баяндыков Арман Толқынұлы 5 қаңтарынан бастап тағайындалды.

Баяндыков Арман Толқынұлы 1979 жылдың 8 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білім жоғары. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің  салық инспекторы  болып бастаған.

2001-2002 жылдары   Сырым ауданы  бойынша салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы.

2002-2004 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің салық есептілігін қабылдау және оны өңдеу, салықтың тіркеу, ақпараттық технология және салық әкімшілігін жүргізу бөлімінің бастығы.

2004-2007 жылдары Сырым ауданы «Сырым» ауылдық несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы.

2007-2009 жылдары Сырым ауданы «Милена - Сырым» МКҰ» ЖШС несие жөніндегі инспекторы.

2009-2014 жылдары Сырым ауданы ««Сырым-Бірлік» тұтыну кооперативі өзара  сақтандыру қоғамы» ЖШС бас маманы.

2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.


Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы,  Казахстан көшесі 14

Азаматтарды қабылдау:

Әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағ.10.00 ден 12.00 ге дейін

Электронды адрес: syrym-rozsp@mail.ru

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1.«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынандай қызметтерді жүзеге асырады:

1)   мемлекеттік  әлеуметтік  саясат,халықты   жұмыспен   қамту   заңының,   зейнетақы реформасының негізгі  бағыттарын жүзеге асыру және олардың орындалуын методикалық үйлестіруін қамтамасыз ету;

2) халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру, кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін  төмендету шараларын жүзеге асыру;

 

3) еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзсгс асыру;

4) жергілікті еңбек рыногының жагдайын талдау және болжау, еңбек ресурстарының балансын  жасау, осы арқылы ағымдағы және алдағы жылдарға арнап жұмыспен қамту бағдарламасын  жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету;

5) жұмысқа орналасуы қиын болып жүрген жұмыстан босатылган адамдарды, жалгызбасты және көп балалы аналарды, мүгедектермен халықтың жұмыссыз жүрген баска топтарын даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру ;

6) өз құзіреті шегінде халықты жұмыссыз жүрген топтарына жәрдемақы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету;

7) азаматтардың өз бетінше жұмыспен айналысуына көмек көрсету ;

8)  жұмыссыздар  ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;

9) тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қорғау , отбасы, ана мен баланы, мүгедектермен олардың отбасы мүшелерін сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да топтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;

10) әлеуметтік еңбек саласында болып жатырған істердің жағдай туралы қорытынды құжаттар әзірлеу және жағдайларды болжау , процестерді талдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан әкімі аппаратына мәлімет беру;

11) әлеуметтттік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;

12) бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке алу, анықтама беру;

13) жұмыссыздарды өз келісімімен ақылы қоғамдық  жұмыстарға жіберу;

14) еңбек рыногы жөнінде аудандық мәліметтер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарды болжау және талдау ,еңбек рыногының жағдайы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, жергілікті атқарушы органға халыққа хабарлау;

15) жұмыс орнын ашу мәселесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақысыз тегін кемек керсету;

16) еңбек рыногының қажетіне және нарыктық қатынастар жағдайына сәйкес кадрлар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруга қатысу

17) еңбекті қорғау мәселесі бойынша ұйымдармен өзара әріптестік және үйлестіру;

18) еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау ;

19) әлеуметтік еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мүгедектер туралы заңдарға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар, жәрдемақылар бер бөлігі жөнінде аудандық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;

20) еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталу мәселелері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдармен үйлесімді іс-әрекет жасау, өндірістік объектілерді салу және қайта құру үшін алдын-ала сақтық бақылау жүргізу, өндірісте зақымға ұшырағандарға және олардың отбасының мүшелеріне келген зиянының орнын толтыру;

21) әртүрлі санаттағы және топтағы тұрғындардың , мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік демографиялык қажетін ескеріп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларын дамытуға қатысу;

22) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші  бағдарламалардың әкімші қызметін орындау;

23) азаматтардың арыз шағымдарын, ұсыныстарын қарау, ол бойынша қажетті шаралар алу азаматтарды қабылдау және оларға бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;

24) облыстың және басқа да өкімет органдарымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдарымен мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара әрекет  жасау;

2. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:

1) жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама органдары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тиісті дәрежеде хат алмасу;

2) кәсіпорындармен ұйымдардан заңдарда белгіленген тәртіпте құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және бөлімге жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті басқа да материалды сұрату және алу;

3) белгіленген тәртіпте барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындармен ұйымдардьң жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау туралы Заңдарды, Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерін, басқада нормативтік құжаттарды орындауларын бақылау, бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша комиссияның жұмысына қатысу;

4) аудандық деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жағдайларына қаржы несие, инвестициялық, салық, әлеуметтік саясат шаралары туралы шешімдер әзірлеуге қатысу;

5) белгіленген тәртіпте аудандық бөлім кұзырына кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;

6) бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығару, жарнамалық-стенділік мүлік ұстау;

7) заңда қаралған басқа да өкілеттерді іске асыру;