Мекен жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Казақстан көш. № 14

Индекс: 090900

Азаматтарды қабылдау күні - әр аптаның жұма күні,

сағ.10.00 ден 12.00-ге дейін.

Электронды адрес:roosr_@mail.ru

тел: 8 - (71134) 31-1-81, 8 - (71134) 31-3-20

 

Бөлім басшысы - Ерғазиева Замзагүл Мерекеқызы

рисунокАудан әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 65-өкімімен Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметіне Ерғазиева Замзагүл Мерекеқызытағайындалды.

Ерғазиева Зәмзагүл Мерекеқызы 1963 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тоғанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы «Правда» газеті атындағы совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1986-1998 жылдары мамандығы бойынша Қызылағаш орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;

1998-1999 жылдары  Қызылағаш негізгі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

1999-2013 жылдары Қызылағаш негізгі мектебінің директоры;

2013-2016 жылдары Аралтөбе ауылдық округінің әкімі;

2016 жылдың 18 сәуірінен бастап Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

 


Білім беру бөлімі 3 бөлімнен құралған:

Аудандық білім беру бөлімінің аппарат бөлімі;

Аудандық білім беру бөлімінінің есеп бөлімі;

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті

Аудандық білім беру бөлімі  мақсаттары мен міндеттері, функциялары:

Міндеттері:

1) Аудан азаматтарын мемлекеттік тілде білім беру мекемелерінде конституциямен кепілдендіріліген тегін орта білім алуын қамтамасыз ету

2) Аудандағы білім беру жүйесінің барлық бөлімдерінде ұлттық діни, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан көлемінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету.

3) Аудандағы білім жүйесін өзгертіп отыратын қоғамдық қажеттілікпен жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес әлеуметтік қорғау мен дамыту

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты.

2) Білім беру саласындаға республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асырудағы аудандық білім беру мекемелерінің жұмысына басшылық жасайды, облыс пен аудан әкімиятының қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді, білім беру жүйесін жетілдіру мен қорғаудың құқықтық негізі ретінде білім беруді жетілдірудің аймақтық бағдарламасын, аудан әкімияты қаулыларының жобасын дайындайды.

3) Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жүйесі мен саны жайында, кадрларды дайындау туралы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына ұсыныстар дайындап аудан әкімиятына және облыстық білім басқармасына ұсынады.

4)  Аудандағы білім беру жүйесінің жайына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын анықтайды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы мен мемлекеттік білім беру стандартының сақталуына тексерулер жүргізеді.

5) Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін дамытуға, мемлекеттік білім беру мекемлерінің жаңа үлгілерін ашуға, ақылы қосымша білім беру мен басқа да ақылы қызмет түрлерін жетілдіруге көмектеседі.

6) Бөлім  білім беру қызметін лицензиялауды, ондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғалардың сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді.

7) Жалпы орта білім беру мазмұнының аймақтық мектеп компонентін жүзеге асыруға жағдай жасау үшін шаралар жасайды.

8) Облыстық білім басқармасымен келісе отырып, аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелерін жабу, қайта құру, жаңадан ашу туралы аудан әкімиятына ұсыныс береді. Мектептер мен сыныптарды ашуды және азаматтардың ана тілінде оқуының басқа да үлгілерін, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті оқып үйренуді, шет тілін оқытуды ұйымдастырады.

9) Аудан әкімімен келісе отырып, аудандағы білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындайды. Аудандағы білім беру мекемелерінің педагог кадрларға қажеттілігін анықтайды және толықтырады. Жас мұғалімдерді орнықтыру жұмысын жүргізеді, басшы лауазымдарға резерв қалыптастырады.

10) Аудандығы білім беру мекемелерінің педагогтары мен басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Олармен әдістемелік жұмыс жасайды, белгіленген ережеге сай аттестация өткізеді.

11) Педагогикалық және басқару ісіндегі жаңалықтарға талдау жасайды, эксперименталдық алаңдар ұйымдастырады және бекітеді, ғылыми мекемелермен қарым-қатынаста болады.

12) Халықты жұмыспен қамту қызметі, мекемелер мен ұйымдармен бірлесе отырып, жастарға кәсіби білім беру аймақтық бағдарламасын жүзеге асырады.

13) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, қызметкерлермен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларының жүргізілуін,оқушы жастар мен балалардың өмірін қорғау мен денсаулығын нығайту жұмыстарына бақылау жүргізу

14) Жетім балалармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ақыл-ой жағынан  және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар мен мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж басқа да балалардың оқу мен тәрбиесінде, еңбек пен әлеуметтік қалыптасыуында бала құқының сақталуы мен әлеуметтік қорғалуын ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.

15) Оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту  бағытында, денетәрбиесі мен БӘД, туризм бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.

16) Аудандық мұғалімдер кәсіподағы комитетімен бірлесе отырып педагог қызметкерлерді, оқушыларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды және аудан әкімиятына ұсыныс береді.

17) Білім саласындағы негізгі қорды сақтау мен жетілдіру шараларын жүргізеді, білім беру мекемлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ұсынбалар әзірлеп аудан әкімиятына береді, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге жоспар-тапсырыс жаайды, бір орталықтан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

18) Аудан бюджеті бойынша, білім саласына қаралатын және жұмсалатын қаржы жобасын жасайды және аудан әкімиятына ұсынады, қарауындағы мекемелерді қаржыландырады, жалпыға бірдей білім қорын жасақтайды, білім беру мекемелеріннің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді.

19) Білім беру мекемелерінің қаржы-шаруашылық дербестігін нығайту мен дамытуға көмектеседі, білім беруді дамытуға ынталандырады.

20) Аудандағы білім саласының анықтама-ақпараттың қамтылуы ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйе жасап, баспа-редакторлық қызмет құрады.

21) Білім саласында жетістікке жеткен қызметкерлерді марапаттауды жүзеге асырады, белгіленген ережеге сай мемлекеттік наградалар мен құрмет белгілеріне ұсынады.

22) Белгіленген заңдарға сай азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсынбаларын қарайды, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.

23) Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін құрады және дамытады. Жұмыстары туралы жұртшылықты хабардар етіп отырады, білім беру мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңірек көрінуіне ат салысады.

24) Барлық жұмыстары туралы аудан әкімияты мен облыстық білім басқармасы алдында есеп береді.

 

Мақсаты:

1. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «бөлім») жүйесінде (құрылымында) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектептен тыс білім беру, жалпы орта білім мен қосымша білім беруді және педагог кадрлармен әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыратын мемлекеттік басқарудағы дербес атқарушы орган болып табылады.

2. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері индексі: 090900 Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі №14

9. Мемлекеттік тілде бөлімнің толық атауы - «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

«Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесенің құрылтайшысы және атқарушы органы болып Сырым аудандық әкімияты болып табылады. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

11 «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12 «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.