«Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлкеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады.

«Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге жүзеге асырады.

 

Орналасқан жері: индекс: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №1

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі - бейсенбі күндері

Қабылдау уақыты: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін


Бөлім басшысы -Исанов Ерболат Рысқалиұлы

рисунок

Аудан әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №193 өкімімен арнайы тексеріс нәтижелері келгенге дейін Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Исанов Ерболат Рысқалиұлы 1984 жылы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2010 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Өлеңті ауылында «Алтим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы.

2004-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс атқарған.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» ХДП Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2007-2011 жылдары және 2013-2015 жылдары Сырым аудандық маслихат депутаты.

Ал 2015 жылдың қараша айынан бері Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық жастар ресурстық орталығының директоры болып қызмет атқарып келді.2015 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін уақытша міндетін атқарушы.

Үйленген.

 

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. «Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Аудан көлемінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды бақылау, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2. Міндеттері:

1) мемлекеттік суверенитетті, қоғамдық үрдістерді демократияландыру, қоғамның нығаюын орнықтыру және қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу;

2) ауданда мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің: әкімияттың, облыс және аудан әкімдерінің, облыстық ішкі саясат Департаменті, жастармен жұмыс жөніндегі облыстық бөлім актілері мен тапсырмаларын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жұмыстарына бақылау жасау;

3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын халық арасында түсіндіру және насихаттау;

4) ішкі саясат, саяси-қоғамдық сала, жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ішкі саясат, жастар саясаты мен заңнамаларын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;

5) ауданда болған саяси-қоғамдық процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және толыққанды зерттеу, байыту және сараптау;

6) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және саяси сараптамалар жүргізу;

7) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, саяси - қоғамдық және діни ұйымдар, кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдар, мәдениет ұйымдары мен мекемелері, жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп қызмет атқару.

8) Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қызмет атқаратын барлық балалар және жастар ұйымдармен бірлесіп қызмет атқару, балалар мен жастарға байланысты проблемаларды шешуге қатысу.

9) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

10) жастарға олардың жұмыспен қамтылу және мамандық игеру бағытында көмек көрсету

11) аудандағы діни ахуалға талдау жасау және аймақтағы дінаралық келісім мен татулықты насихаттау жұмыстарын үйлестіру.

3. Функциялары:

1) ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат, жастар саясаты, тілдерді дамыту салаларында жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары қызметін үйлестіру. Аймақтағы саяси қоғамдық ахуал, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктердің іс-қимылдарына мониторинг, талдау, болжау жүргізіп отыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның нығаюы мен қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және нұсқамалар дайындау;

2) бөлім қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыстық және аудандық әкімият қаулыларын, жоғарғы облыстық органдардың шешім, өкімдерін орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

3) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету;

4) аудан әкімі аппаратының іс-қимылын ақпараттық - сараптамалық қамтамасыз ету;

5) жергілікті деңгейде өтетін саяси-қоғамдық, мәдени-копшілік шараларды саяси қамтамасыз ету;

6) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын үйлестіру және қадағалау;

7) ішкі саяси өміріне қатысты мәселелер бойынша әкімият отырысына құжаттарды дайындауға қатысу.

8) Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да функциялар атқарады.

4. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өзінің функцияларын атқаруға қажетті ақпараттар сұратуға, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындау барысында мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар қызметкерлерін тартуға, кейбір мәселелерді шешу барысында уақытша жұмыс тобын құру;

2) ішкі саясат, жастар саясаты салалары құрылымындағы кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін ұйымдастыру мен жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар жасау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша ақпараттық - талдау және басқа да материалдар даярлауды жүзеге асыру;

3) бөлімнің іс-қимыл қызметі өрісіне жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар беру және оның орындалуын бақылау, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысу;

4) жергілікті деңгейінде жастар саясаты және ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты, қаржыландыруды жүзеге асыру;