Бөлім басшысы  -   Қайырғалиев Мейрам Нұрмағамбетұлы

рисунок

Аудан әкімінің 2016 жылғы 11 қазандағы №199 өкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушыылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне Қайрғалиев Мирам Нұрмағамбетұлы тағайындалды.

Қайырғалиев Мейрам Нұрмағамбетұлы 1985 жылы 13 қазанда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 2007-2008 жылдары Астана қаласындағы 5570 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 2009 жылы Сырым аудандық ауылшаруашылығы  бөлімінің бас маманы-есепші  болып  бастаған.

2010-2014 жылдары  Сырым аудандық  кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы-есепші, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі  бас маманы;

2015-2016 жылдары Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2016 жылдың  11 қазанынан бері  Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

 

Қабылдау күндері: әр аптаның дүйсенбі-сейсенбі күндері

сағ. 9.00 ден 13.00-ге дейін.

Мекен - жайы: Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 7/1

Электронды адрес: syrym_jkh@mail.ru

 

 

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

«Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынандай қызметтерді жүзеге асырады:

1) Өз құзыреті шегінде жолаушылар көлігімен тасымалдауды және қызмет көрсету сапасын бақылау;

2) мемлекеттік басқару органы болып табылатын бөлімге берілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметін үйлестіріп отыруды жүзеге асырады;

3) Сырым ауданы аумағында мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саясатын жүргізу.

«Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мыналар:

1) тұрғындарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету, коммуналдық салада бәсекелестікті дамыту, тұрғын үй коммуналдық меншік иелерінің қарым-қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясаты іске асыру;

2) тұрғын үй және әлеуметтік саладағы объектілерінің қысқа әзірлігі туралы іс-шараларды жетілдіру және іске асыру;

3) кәсіпорындарды жылумен, электр қуатымен, сумен, газбен камтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;

4) коммуналдық шаруашылықтың коммуналдық қызметтерін тұтыну есебін реттеу жұмыстарын дамытуды ұйымдастыру;

5) жолаушылар көлігі қызметін ұйымдастыру бақылауды іске асыру;

6) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтім көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

7) аудандағы елді мекендерді аббатандыру іс-шараларын жетілдіру және жүзеге асыру болып табылады.

8) мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік тапсырысты жеткізу;

9) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді;

10)  жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

11) кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын айқындайды;

12) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарларын оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін, оларды тапсырудың мерзімділігі мен тәртібін қарауды және бекітуді;

13) мемлекеттік Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды және талдауды;

14) Қазақстан Республикасы Үкіметінен белгіленген тәртіппен Кәсіпорын басшысын, оның орынбасарын тағайындауда және оны аттестациядан өткізуді;

15) Кәсіпорын мүлкін мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды:

16) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

«Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесенің өзіне жүктелген міндеттерді орындау және жүзеге асыру кезінде мыналарға құқығы бар:

1) заңнамаларға және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз құзырына жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттарды сұратады және алады:

2) мердігерлермен жасалған келісім шарттардың орындалуын қадағалайды, олардан  қажетті мәліметтер беруді талап етеді;

 3) тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалдауға жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі шарт талаптарының орындалуын бақылайды және олардан қажетті мәліметтерді талап етеді;