«Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі 

1. Жалпы ережелер


1. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


13. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады.

14. Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;

2) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;

6) өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;

8) «Ең үздік кәсіпкер» аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;

9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан  заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


17. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Сырым ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) орынбасарының және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

4)  бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.