Бөлім басшысы - Уашев Өтеген Кайыржанұлы

Уашев Өтеген Кайыржанұлы 1958 жылы 6 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келді. 1981 жыл. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты бітірген. Мамандығы инженер-гидротехник, білімі-жоғары.
18.09.1981 - 08.06.1982 - Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы,  «Шөптікөл жер суландыру системалы басқармасы» ММ Инженер-гидротехнигі
16.06.1982 - 11.07.1983 - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, «Жымпиты жер суландыру системалы басқармасы» ММ инженері
15.07.1983 - 23.05.1984 - «Жымпиты жер суландыру системалы басқармасы» ММ меңгерушісі
23.05.1984 - 11.11.1984 - «Жымпиты жер суландыру системалық басқармасы» ММ Бас инженері
11.12.1984 - 08.05.1985 - «Орал-Көшім суландыру массиві каналы мен су торабы орталық басқармасы» ММ меңгерушісі
05.06.1985 - 01.12.1985 - Батыс КССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі «Жымпиты жер суландыру системалы басқармасы» ММ уақытша меңгерушісі
01.12.1985 - 01.01.1988 - КССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі «Жымпиты жер суландыру системалы басқармасы» ММ меңгерушісі
01.01.1988 - 01.01.1989 - «Жымпиты су пайдалану бөлімі» ММ менгерушісі
01.01.1989 - 15.05.1992 - Орал облысы, «Жымпиты аудандық су шаруашылығы және өндірістік мелиорация құрылғыларын жөндеу басқармасы» ММ меңгерушісі
22.06.1992 - 23.07.1992 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ жетекші маман
23.07.1992 - 23.03.1998 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ бас маманы
23.03.1998 - 13.12.1999 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ төрағасы
13.12.1999 - 06.05.2002 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ меңгерушісі
06.05.2002 - 30.12.2005 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ төрағасы
27.02.2006 - 28.06.2013 - «Жымпиты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитет» ММ меңгерушісі
28.06.2013 - 20.07.2015 - «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы
01.07.2015 - 11.08.2015 - «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы
11.08.2015 - 01.03.2016 - «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бөлім басшысының орынбасары
01.03.2016 - 06.12.2016 - «Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы
06.12.2016 бастап «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарады.

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр сәрсенбі күні: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №15
Электронды адрес: ozo_sr@mail.ru

 

 «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереже.
3. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 15.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

13. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Сырым ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі  міндеті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
15. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
 2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
 4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстар дайындау;
 5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
 7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөніндегі ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады;
21) су объектілерін конкурстық негізінде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін ұйымдастыру;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар алуға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзіретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

            24. «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.