Аудандағы газдандыру жұмыстары

Қазіргі таңда ауданымыздың 12 елді мекеніне толыққанды көгілдір отын тартылған. 2016 жылдың 1 тоқсанына аудан тұрғындарының 93,4 % пайызы көгілдір отынды пайдаланып отыр.

Сонымен қатар өздеріңізге белгілі өткен жылы Бұлдырты - Жосалы -Аралтөбе- Бұлан  бағытында газ тарту жұмыстары басталды  Биылғы жылы біздің аудан бойынша газ таратушы оператор ретінде  «КазтрансгазАймақ» АҚ-ы танылды. Осыған сәйкес көгілдір отынға қосылу үшін жүргізілетін алымдардың көлемі және тәртібі өзгертілді. Атап айтар болсақ газға қосылу проектісін жасақтау бұл тек «КазтрансгазАймақ» АҚ еншісіне берілді. Сонымен қатар көгілдір отын желісіне қосылу төлемі 5800 теңгеден, 11200 теңгеге өзгертілді.

Бұлдырты- Жосалы-Аралтөбе-Бұлан бағытындағы газ желісі тартылды. Сонымен қатар 10 елді мекенге ауылішілік газ желілері толығымен аяқталды. Қазіргі танда 233 тұрғын үй газ желісіне қосуға дайын. Бұл тұрғын үйлерден 47,3 млн. теңге жиналды.

рисунок