Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселесі бойынша

Жымпиты ауылындағы қатты жамылғылары бар сегіз көшені орташа жөндеу жұмыстарын (8,3 шақырым) жоспарланған. Алайда облыс бюджетінен қаржының толық болмауына байланысты тек 3 көшеге жөндеу қарастырылған. Аталмыш жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына берілген болатын. Нәтежесінде женімпаз мердігер ЖШС «СуперДор». 2015 жылға бөлінген 102 млн.тенге толығымен игерілді, Амангелді, С.Датов, Қаратаев көшелеріне бөлінген қаржысына байланысты автомобиль жолдары жөндеу жұмыстар жүргізілді. 2015 жылы тек 2,5 шақырымды жол жөнделді. 2016 жылы аталмыш көшелердін қалған 2 шақырым жолға  104 млн. теңгеге бөлініп, толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жымпиты ауылындағы Абай, Есенжанов және Сейфуллин көшелеріндеге автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 120 млн. теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу порталына беріліп женімпаз «УралСтройИнвест» ЖШС мекемесі атанды. Қазіргі уақытта Есенжанов көшесінің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, Абай, Сейфуллин көшелерінің жөндеу жұмыстары басталды. Осыған қоса Булдырты ауылына кірі беріс 12 шақырым жолының толықтай жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сырым ауданы бойынша облыстық маңызы бар титулға енген жолдарды жергілікті мекеменің теңгеріміне алынды. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 25 млн. теңге бөлінді.  Қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына 4 млн. теңге игерілді. Қалған 20 млн. теңгеге аталмыш жолдар мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған болатын. Конкурс қорытындысына сәйкес ЖШС «ДорремСервис» мекемесі жеңімпаз атанып, ай сайын жұмыс көлеміне байланысты жұмыстар атқарылды.

Жол белгілері бойынша мүгедектерді жол белгілерімен қамтамассыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 112 мың теңге, аудандық бюджеттен 65 мың теңге бөлініп, барлығы 11 жол белгіні орнату жоспарлануда.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок