Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы Сырым колледжы студенттері мен ұстаздары арасында дөңгелек үстелде талқыланды.

Алдыңғы жолы хабарлап өткеніміздей, діни ақпараттық түсіндіру тобы ауылдық округтерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы жолы аталған топ, құрамында аудандық мешіттің бас имамы Н.Беков, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы, "Сырым"деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚБ төрағасы Е.Жумагужиев Алғабас ауылдық округінде болды. Кездесу барысында дін мамандары тұрғындарға мәзһабты ұстану, деструктивтік діни ағымдардан сақтану жолдары туралы түсінік берді. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айы жайында, ораза ұстау әдебі, оразаны бұзатын жағдайлар жайы да айтылды. Тұрғындар тарапынан орамалдың үкімі, арақтың зияны туралы сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар қайтарылды. Және тұрғындар Алғабас ауылдық округіне жаңа мешіт ғимараты тұрғызылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Бүгін Сырым ауданының орталығында аудандық мешіттің және «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылардың аудандық сайысы өтті. Аталған орталықтың төрағасы Ержан Жұмағожиевтің айтуынша, азаншылар сайысын ұйымдастырудағы түпкі мақсат – жергілікті жамағатты бірлікке шақыру екен.

Бүгін Сырым ауданында қазақ тілінің латын графикасына көшуі мәселелерін түсіндіруге арналған «Жаңа әліпби – жаңа технологияларға бастар жол!» атты облыстық форум өтті. Форум жұмысына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етті.