Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы шеңберінде Сырым ауданының белсенді жастары кеше Казталовка ауданына гастрольдік сапармен аттанған болатын.

Алдымен Сырымдық жастар Жалпақтал ауылына ат басын бұрды. Ауылдың кіре берісінен Сырымдықтарды Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М.Рахматуллин, Казталовка аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Ахметов, Казталовка аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Ахметова және бір топ жастар қарсы алды. Жалпақтал ауылдық округінің әлеуметтік нысандарымен танысқан Сырымдықтар ауыл мәдениет үйінде бас қосты. "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұртілеу Болаттың шоу концерті өтті. Концерт аясында Сырым ауданының белсенді жастары өнер көрсетті. Кеш соңында Сырымдықтар атынан топ жетекшісі Қособа ауылдық округінің әкімі Ж.Сатаев Жалпақтал ауылына естелік сыйлық табыстады.