Бүгін Сырым ауданы жастары Казталовка ауданы, Казталовка ауылына гастрольдік сапарға аттанды. Бұл сапар 12 тамыз бүкіл әлемдік жастар күніне орай жасақталған 10 күндік іс-шаралар жоспарындағы кезекті іске асып отырған екінші шара. Шара барысында сапарға аттанушы жастарға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейсов сәт сапар, ақ жол тілесе, Қособа ауылдық округі әкімі Ж.Сатаев батасын берді.