«ӘЛЕУМЕТТІК-маңызды ЖОБАЛАР мен идеялар» ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ
қатысыңыз!!! 17.08.2017

 2017 жылдың 1 шілде – 10 қыркүйек аралығында 

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

«Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу институты» мекемесі Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялардың жәрмеңкесін  өткізуді ұйымдастырады.
Жәрмеңке әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған әлі де іске асырылмаған кез-келген идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді. Жәрмеңке, өткізілу нәтижелері бойынша қандай-да бір жобаларды қаржыландыруды көздемейді. Қатысуға саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді есепке алмағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, басқа да заңды және жеке тұлғаларға жол беріледі.

Жәрмеңке өткізу кезеңдері
Жәрмеңке үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең - 2017 жылдың 1 шілде – 10 қыркүйек аралығы – өтінімдер жинау және конкурстық комиссияның мүшелері баға береді. Өтінімдер және катысушылар саны шектелмейді.
2) екінші кезең – 2017 жылдың 10-20 қыркүйек аралығы – конкурстық комиссия  көрме-презентациялау үшін қабылданған өтінімдерді қарастырып, олардын ішінен іріктеп он үздік жоба  шығарады.
3) үшінші кезен - 2017 жылдың қыркүйек айында – жобалардын көрме-презентация өткізу, Жәрмеңкенін үш үздік жобасын таңдау (көрме-презентацияны откізу орнымен уақыты туралы қосымша хабар беріледі).

Конкурстық өтінімдерді беру тәртібі
Жәрмеңкеге қатысу үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен 10 қыркүйегіне дейін ұйымдастырушынын электрондык поштасына Yarmarka-socproekt-ZKO-2017@mail.ru
№ 1 Қосымшаға сай нысанды толтырып, Жәрмеңкеге қатысуға өтінім беру.
Нысан қазақ немесе орыс тілде толтырылады. Нысанның барлық тараулары міндетті түрде толтырылуы тиіс. Қатысушы толымсыз ақпарат ұсынған жағдайда, ұйымдастырушы өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Жәрмеңке ұйымдастырушылары қатысушы конкурстық өтінімдерді беру талаптарын бұзған жағдайда өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Қатысушы нысанды толтырғаннан кейін, Ұйымдастырушы деректердің дұрыс толтырылуын және өтінімнің мына критерийлерге сай келуін тексереді:
1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
2) әлеуметтік проблемаларды шешудегі өзектілік, жаңашылдық тәсілдер;
3) жобаның жүйелілігі, адрестілігі;
4) әлеуметтік проблемаларды шешуде заманауи инновациялық технологияларды, нысандар мен әдістерді пайдалану;
5) жоба іс-шараларының қойылған міндеттерге сай болуы;
6) болжамдық нәтижелердің реалистік болуы, жобаның орнықтылығы және сәттілігі, жобаның даму перспективаларының болуы.

Жобаларды бағалау үшін косымша мәліметтер сүратуға конкурстық комиссияның құқығы бар.

 

Көрме-презентацияны откізу тартібі
Көрме-презентацияға үшінші кезенге жіберілген катысушылар шақырылады. Олар өз жобаларын презентацияға және қорғауға дайындайды.
Таратылма материалдардын болуы құпталады.
Жобалардын демонстрациялық стендтерін ұйымдастырушылар дайындайды.

БҚО ҮЕҰ құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тақырыбқа арналған семинар-тренингке Жәрмеңкенін жеңімпаздарымен белсенді қатысушылары шақырылады.

«Әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялар жәрмеңкесі туралы» ережесі  .doc файлде  қоса беріледі.

 

Қосымша ақпарат алуға арналған телефондар:

8 (711)2 53-64-88,
8 777 567 17 67,
8 775 370 09 79

1-қосымша

 

Әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялардың байқауына қатысуға
өтінім
Өтінімнің жалпы көлемі 5 беттен аспау тиіс

1.

Ұйымның атауы

 

2.

Басшының аты-жөні

 

3.

Тіркеу күні

 

4.

Ұйымның миссиясы

 

5.

Жобанын атауы

 

6.

Жобанын өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы

 

7.

Жобанын мақсаты мен міндеттері

 

8.

Жобаның сипаттамасы (жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар)

 

9.

Күтілетін нәтижелер

 

10.

Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, email)