Аудан әкімі Т.Төреғалиев пен Батыс Қазақстан облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов аудан активінің жиынында жаңа төрағаны таныстырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н:Ә.Назарбаевтың 20.10.2017 жылғы №564 санды Жарлығының Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық сотының төрағасы болып Баймуханова Ботакөз Елеуқызы тағайындалды.

Ботакөз Елеуқызы 1964 жылы 6 мамырда Орал облысы, Дарьинскауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1987- 1990 жылдары Казталовка аудандық атқару комитетінің заң кеңесшісі болып қызмет атқарып, 1990-1991 жылдары Казталовка ауданының мемлекеттік нотариусы, 1991 1993 жылдары Орал облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, 1993-1997 жылдары Казталовка аудандық прокурорының көмекшісі, 1997-1998 жылдары Казталовка аудандық сотының судьясы, 1998-2003 жылдары Казталовка аудандық сотының төрағасы, 2003-2008 жылдары ақжайық аудандық сотының төрағасы, 2008- 2017 жылдары Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалып, осы күнге дейін сол жерде абыройлы қызмет атқарған.

2017 жылдың 24 қазанынан бастап Сырым аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.