Бүгін Аудандық қоғамдық келісім Кеңесі баспасөз мәслихаты өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева төрағалық етті. Баспаcөз мәслихатына қоғамдық ұйымдар, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшілері, жастар өкілдері, көше комитеттері қатысты. Күн тәртібінде "Жыл басынан бергі жалпы атқарылған жұмыстар туралы" бір мәселе қаралды.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Аралтөбе ауылдық округі әкімі А.Мұхитов, Бұлдырты ауылдық окр
угі әкімі Е.Макашев, Елтай ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы А.Бекниязов, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі Ж.Мұхамбетжановтар округте жыл басынан бергі атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасаса, Халық банкі аудандық филиалының басшысы Г.Табишева мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жетекшісі Г.Жубаниязова жұмыстарының негізгі міндеті мен халыққа көрсетілетін қызметтері жөнінде баяндады. Аудандық қоғамдық келісім Кеңесі баспасөз отырысының мақсаты қоғамдық ұйымдарды, редакция тілшілерін ауданның жұмыс барысымен, атқарылып жатқан нақты жұмыстармен хабардар ету. Отырыс қорытындысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғамдық ұйымның мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.