Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев аудан активінің жиынында жаңадан тағайындалған бөлім басшыларын таныстырды.

ҚР Қорғаныс Министрінің 1-ші орынбасары, ҚР Қарулы күштер бас штабы бастығының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 198 бұйрығымен Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып Дюсембиев Абат Мағажанұлы тағайындалды. 

Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының 2017 жылғы 12 қазандағы № 223 бұйрығымен Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып Қожахметов Бақтығали Серғалиұлы тағайындалды. 

Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 206 өкіміне сәйкес аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Баяндықов Арман Толқынұлы тағайындалды.