Бүгін Сырым ауданының кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес бұл лауазымды енді Арман Баяндықов атқаратын болады.

Арман Баяндықов осы уақытқа дейін Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Оның еңбек тәжірибесінің қалыптасу жолы қаржы және экономика салаларына тиесілі. Жергілікті билік Арман Баяндықовтың қабілеті мен тәжірибесі ауданның кәсіпкерлік саласының ілгері басуына себеп болады деген сенімде.

Жаңа басшыны ұжымына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев таныстырды.