Аудан әкімі Т.Төреғалиевтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудан прокуроры Қ.Төремұратов,  АІІБ бастығы Б.Кужахметов, АІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Журалиев, ауылдық округ әкімдері, дербес басшылар қатысты. Күн тәртібіндегі мына мәселелер қаралды:

1. Қоғамдық орындарда, соның ішінде көшеде жасалатын ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу, жою туралы.

2. Құқық қорғау және білім беру ұйымдарымен бірлесіп балаларға қатысты зорлық – зомбылықты жою, зорлық – зомбылықты анықтау алдын алу, ескерту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы.

3. Тұрмыстық зорлық – зомбылықты профилактикалық бағытында алдын алу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен атқарылған іс – шаралар туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық шкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Журалиев, екінші мәселе бойынша Сырым колледжі директоры С.Берсебаев, үшінші мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Д.Кажиахметов баяндама жасады. Аталған мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс – пікірлер айтылды.