2017 жылдың 31 қазан күні аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында аудандық білім беру ұйымдарының директорларымен бірлескен «Жеке куәлік алған оқушыларға эцқ алуды және электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қалай алуға болатыны туралы» дөнгелек үстел оздырылды.

Бұл дөнгелек үстелде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті эцқ арқылы қалай алуға болатынын және цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болатыны туралы бейнеролик көрсетілді. Мектеп директорлары өз құзыреттерінде жеке куәлік алған оқушыларға информатика сабағында бейнероликті көрсетіп, олардың электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті алуға сауатын ашса, электронды үкімет порталы арқылы аудан тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді алатындар саны күрт өседі. Дөнгелек үстелдің мақсаты оқушылардың мемлекеттік қызметтерді мектеп табалдырығынан бастап электронды үкімет порталы арқылы алуға баулу және цифрлық қолтаңбамен жұмыс жасау.