Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының  қылмыстық және іс жүргізу процестері заңдылықтарын жаңғырту бойынша көптеген іс шаралар жүргізілуде.
Жаңғыртудың жаңа кезеңі қылмыстық қудалау процестерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған. 
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:
- адам құқығын қорғауды нығайту;
- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру;
- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,
- соттық бақылауды кеңейту;
- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.
Заң жобасы азаматтар үшін маңызды мәселелерді реттейді. 
Олардың ең бас згерістерін атап өтсек: 
1. Азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды. 
48 сағат сот сакциясынсыз ұстау–бұл әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді.
72 сағат ұстау тек қана келесі қылмыстар бойынша қолданылады:
- аса ауыр қылмыстар;
- террористік немесе экстремистік қылмыстар;
- қоғамдық ретсіздік;
- ұйымдасқан топтар;
- есірткі заттарының айналымы, өлімге алып келетін қылмыстар. 
2. Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды. 
Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Сонымен бірге, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылады.
Бұдан бөлек, салықтық тексеру актісі немесе ревизия қорытындысы, жасалған мәміленің жалған екендігін растайтын сот шешімі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға болмайтындығы туралы норманы заңнамалық актіден Кодекске енгізіледі. 
3. Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.
Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.
Бұл өзгеріс тергеушілердің жұмысын жеңілдететіні белгілі. Бұрын соттың санкциясын 3 тәулік күтсе, енді бірнеше сағатта алуға болады.
Әр жүйеге кіру, тергеушінің әрбір әрекеті компьютермен қадағаланады. Жаңа жүйе өзгерістер мен жалған мәліметтерді енгізуге жол бермейді. 
2018 жылы барлық құқық қорғау органдарының аталған жобаға көшуі жоспарланған. Экономикалық тергеу қызметімен бүгінгі таңда аталған жобаға өту бойынша техникалық жұмыстар ұйымдастырылды. Жаңа өзгерістер прокуратура органдарының бастамасымен іске асырылуда, біз бұл жобаны толық қолдаймыз және прокуратурамен бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз.
Жалпы, электронды қылмыстық іс Елбасының цифрлық жүйеге өту тапсырмасына сәйкес келеді.

БҚО бойынша МКД