Құрметті Сырым ауданының жұртшылығы !!!

 

Баршамызға белгілі елімізде Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту жөніндегі жаңа заң жобасының негізгі ережелері қызу талқылану үстінде.

Аталған өзгерістер қылмыстық процестегі адам құқықтарының қорғау деңгейін көтеруге, тараптардың бәсекелестігін арттыруға, сот бақылауын кеңейтуге, тергеу рәсімдерін жеңілдетуге және тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақтылауға бағытталып отыр.

Жаңа заң жобасында қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту көзделген. Ал кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларды ұстау мерзімі 24 сағаттан аспауы қарастырылған. Атап көрсеткенде, 48 сағат әлемдік стандарт болып саналады.

Өз кезегінде күдіктілерді 72 сағат ұстау мерзімі аса ауыр және қауіпті істер үшін сақталатындығын атап айтқан жөн.

Нақтырақ айтсақ, террористік және экстремистік қылмыстар, жаппай тәртіпсіздіктер, кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық күш көрсету, адам өлтіру және есірткі заттарын заңсыз тасымалдау сияқты ауыр қылмыстар бойынша және күдіктіні жеткізу үшін жолдың ұзақтығы, қатынас көліктерінің болмауы немесе төтенше жағдайдың орын алуы секілді бірқатар себептерге байланысты күдіктіні 72 сағат ұстау мерзімі көзделінген.  

 

Сырым ауданының прокуратурасы