Қазіргі таңда мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен «Өтініш (арыз) –мемлекеттік қызметшінің индикаторы» бірлескен жобасы қолға алынды.Жоба аясында Сырым ауданының прокуроры Қ:Төремұратов пен аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовтың қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске мекеме басшылары мен қызметкерлері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.Бұл жоба барлық өкілетті органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиімді, объективті, жан-жақты және уақытында қаралуына бағытталған. Сондықтан осы жоба бойынша атқарылатын шаралар жоспарының бір тармағы ретінде сотқа шағымданудың оң аспектілерін халыққа кеңінен насихаттау қарастырылған.