ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Сырым ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор Донеділ Қажымов Сырым еліне ән сапармен келді. Әншіні аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов пен аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева қарсылап алды. Қазақы дәстүрмен қонақтар дәмнен ауыз тиді. Сонымен қатар ән сапар мәдениет үйінде өтетін Донеділ Қажымовтың шығармашылық кешіне жалғаспақ.