Ауыл әкімдеріне үміткерлермен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Саркулов,қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібіне Бұлдырты, Елтай ауылдық округтерінің әкімдеріне үміткерлердің тыңдаушылармен кездесуі мәселесі қойылды. Аталған мәселе бойынша Бұлдырты ауылдық округі әкіміне үміткерлер Ө.Аменов, А.Балғалиев, Е.Макашев, Елтай ауылдық округі әкіміне үміткерлер А.Жексембаев, Б.Иманкулов, Р.Темирбулатов сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды.Сайлауалды бағдарламаларда жалпылай алғанда ауылдық округ халқының әл – ауқатын арттыру бағытында қызмет ету, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жұмыстарын жақсарта түсу қарастырылған