Аудандық «Жас туристер станциясы» МКК мекемесінің жұмыс жоспарына сай 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп базасының ауласында оқушылардың бағдарлауға деген қызығушылықтарын арттыру, спорттық шеберлікті шыңдау мен насихатату, аудан көлемінде спорттық бағдарлауды дамыту мақсатында үйірме оқушылары арасында спорттық бағдарлау жарысы оздырылды.

Аталған шара арнайы электронды Sportident жабдығымен оздырылып, жарысқа мекеменің үйірме тәрбиеленушілерінен барлығы 63 оқушы үш жас ерекшелігі бойынша сынға түсті. Арнайы құрлығының ерекшелігі мен жұмыстану тәртібін алғаш меңгерген кейбір үйірме оқушыларына аталған жарыс аса қызықты да, тартымды өтті.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломмен марапатталып,бағалы сыйлықтарға ие болды.