Президент күнін атап өту елдіктің, еңселі Тәуелсіздікті тұғырлы ететін ерекше мереке. Мерекелік шараны аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Төреғалиев аудан халқын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай көп бала өсіріп, тәрбиелеп отырған Ж.Галимова Алғабас ауылдық округінен «Алтын алқа» алқасымен, Жымпиты ауылдық округінен Ж.Хайруллина «Күміс алқа» алқасымен марпатталса, «Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес бірқатар жас мамандар партия қатарына қабылданып, партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді. Ауданның көркейіп, дамуына өз еңбектері арқылы сүбелі үлестерін қосып келе жатқан әр саланың озаттары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ардагер ұстаз, зейнеткер Г. Нәриева мен Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп мұғалімі, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Л. Мақсотова мерекемен құттықтап, ақ жарма тілектерін білдірді. Салтанатты шараның екінші бөлімі аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.